"Мемлекет басшысы халықты алаңдатқан түйткілдерді көтерді". Президенттің Үкімет отырысында айтқан тапсырмаларына қатысты тұрғындар пікірі осындай. Әсіресе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың міндетті әлеуметтік медициналық көмек мәселесін айтқанына қуанышты. Расымен, қазір жұрт тегін ем алудың жыры көп, - дейді. Автожолдардың сапасына да көңіл толмайтынын айтты. Сондай-ақ пікір білдіргендердің арасында салыққа қатысты айтылған бастамаларға қуанғандар да болды.БЛИЦ-САУАЛНАМА:- Президенттің бүгінгі бастамасын қолдаймын. Жүйе енгізген дұрыс. Ол екі жаққа ұтымды болғаны дұрыс. НДС онсыз да 12 пайыз қазір төлеп отырмыз. Одан да артық кымбаттайтын болса киын болады. - Жол мәселесі, су мәселесі бар. Онымен келісемін толықтай. Қандай алдын алу шарттары, қандай жұмыстар атқарылу керек - ол үлкен стратегиялық сұрақ деп ойлаймын. бізде қала тұрғындары суды қатты үнемдеу дегенді білмейді. - Жалпы медсақтандыруға көңілім толмайды. Өзім жылына емханаға бір екі рет қана барамын. Ауырмайтыныма шүкір. Бірақ, ауыра қалсаң, бір маманға жолдама алуды бір екі ай күту керек. Сондықтан ақылы жерге баруға тура келеді.- Болашақта жақсы болып, качественный болып, халыққа қолайлы болсын. Жүргізушілерге жақсы болсын деп айтамын енді.- Тегін емделсе. Бала-шаға, немерелер бар. Тегін емделген жақсы болар еді да. Жеңілдік берсе... - Ақ халатты абзал жандарға рақмет. Көп жерде көмектері тиген. Өзім үнемі тегін емделемін.