Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Биыл ел экономикасы 4,9 процентке өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 3 пайызға да жетпеген. Өсім Қазақстанда ғана емес, «Еуразиялық бестікке» кіретін барлық мемлекетте байқалады. Бірақ оң динамикаға қуанып, арқаны кеңге жаюға болмайды. Өйткені сарапшылар 2024 жылы нарықта біраз қиындық болады, - дейді.Дәл қазіргі нәтижені сақтап қалу үшін бірлесіп жұмыс істеу – маңызды екенін айтады. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтылды. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Тағы қандай мәселер қозғалғанын әріптесім айтады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Ресейде болды. Одаққа мүше елдер жиында жылды қорытындылап, маңызды бағыттар туралы сөз қозғады. Қазір электронды сауда дамып келеді. Былтыр бұл саланың нарықтағы үлесі 80 миллиард долларға жеткен. Жақында бұл көрсеткіш екі есе ұлғаюы мүмкін. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз ортақ нарықта кездесетін кедергілер мен шектеулерді жойып, бірыңғай техникалық регламенттер енгізуді жылдамдатуымыз керек. ЕАЭО-ның біріккен ақпараттық жүйесінің толық форматта жұмыс істеуі мүше мемлекеттер арасында тауар тасымалдау кезіндегі бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға септігін тигізер еді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ауылшаруашылығына келгенде ақсап қалады. Әлемдік нарықтағы үлесі төмен, тіпті, 3 пайызға да жетпейді. Ал дүниежүзінде 800 миллион адам аштық зардабын тартып отыр. Негізі одаққа мүше мемлекеттердің әлеуеті 600 миллион тұрғынды азық-түлікпен қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ геосаяси ахуал мен санкциялар оған мүмкіндік берер емес. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Агрологистика және өнім сақтау жүйесін дамытып, ауыл шаруашылығы саласына цифрлық шешімдерді енгізу үшін күш біріктіруіміз қажет. Бірлескен агроинновациялық орталықтар құру мәселесін пысықтаған жөн. Мұндай орталықтар агроөнеркәсіп кешенін коммерцияландырумен және өндіріске жаңа технологияларды енгізумен айналысады. Елдегі көлік-логистика саласы да дамып келеді. Қазір Қытайдың Сиань қаласы мен Грузияның Поти портында қазақстандық терминалдардың құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанмен арадағы шекарада және Каспий теңізінде 5 трансшекаралық көлік-логистикалық хабын іске қосу көзделген. 1300 шақырымдық жаңа теміржол желісінің, «Бақты» мен «Қалжат» және Иранның Бендер-Аббас қаласында теңіз портын салу да жоспарда бар. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл жерде, ең алдымен, Таяу Шығыс, Иран, Пәкістан және Үндістан елдеріне шығатын «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамыту туралы сөз болып отыр. Осы орайда Қазақстан бастамасымен «Челябинск – Болашақ – Иран» бағытын іске қосу жобасының жүзеге асырыла бастағаны қуантады. Біз өз тарапымыздан еліміздегі теміржол желілері мен автомобиль жолдарының талапқа сай келмейтін учаскелерін реконструкциялауға әзірміз. Жиын барысында Мемлекет басшысы «ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі» мен қытайдың «Цифрлық жібек жолы» бастамасын ұштастыруды ұсынды. Осы арқылы Еуразия кеңістігіндегі елдердің экономикасын дамытуға болады, - дейді. Қазір елдегі мемлекеттік қызметтің 90 проценті электрондық жүйеге көшкен. 2026 жылға қарай ІТ саласының экспорттық көрсеткіші бір миллиард долларға жетуі мүмкін. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан аталған саладағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуды жақтайды. Осы орайда Үнді мұхиты жағалауымен өтетін халықаралық желілерге қосылу үшін «Ресей – Қазақстан – Иран» бағытында талшықты-оптикалық желі тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл Еуразия кеңістігінде трафик транзитінің баламалы бағытын ұсынып қана қоймай, жаһандық деңгейдегі деректер логистикасында ЕАЭО-ның орнын айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Иранмен Еркін сауда туралы толық форматты келісімге қол қоюды құптайды. Бұл сауда-саттықты дамытуға мүмкіндік бермек. Сарапшылар Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Индонезия мен Моңғолия және басқа да мүдделі елдермен осы бағыттағы мақсатты жұмысты жалғастырудың маңызы зор, - дейді. Асқар НҰРША, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ресейде екі маңызды шара өтті. Оның бірі - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болса, екіншісі - ТМД елдері арасындағы бейресми жиын. Екі жиында дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Бұл елдер арасындағы байланысты арттырып, маңызды мәселелерді бірге шешуге мүмкіндік береді. Президенттер келер жылға жоспар құрады. Қазір геосаяси ахуал күрделі. Сондықтан Мемлекет басшыларының кездесуінің мәні зор. Пайдасы көп. Жиын соңында Президент Ресейдің Ұйымға төрағалығы табысты аяқталғанын айтып, Владимир Путинге алғыс айтты. Ал Никол Пашинянға Арменияның 2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына нәтижелі төрағалық етуіне тілекші екенін білдірді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы лауазымындағы миссиясын аяқтаған Михаил Мясниковичке сәттілік тіледі. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне Қазақстанның өкілі Бақытжан Сағынтаевты сайлады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық ел ретінде дами береді – Тоқаев
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
Черчесовпен келісімшарт бұзыла ма?
Қазақстан полициясы қауіпті петардалар туралы ақпаратты жоққа шығарды
"Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусындап өстім..."
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда
Қазақстандағы валюта бағамдары
Біздің басты парызымыз – тәуелсіздікті сақтап келер ұрпаққа аманат ету
Биткоин құны 106 мың долларға жетті
Алматылық әскери қызметшілер патриоттық флешмоб ұйымдастырды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Қазақстандық әйел интернеттегі әдіспен емделемін деп ауыр жағдайға душар болған
Алматыны қалың қар басты
Астаналық депутаттар мерекеге орай құттықтау жолдады
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысында балыққа барған екі жігіт жоғалып кетті
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қостанай облысында жол қозғалысы шектелді
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Шымкентте газ жабдығы орнатылған көлік өртенді