Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады

Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Ермағанбет Бөлекпаев баяндағандай, былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн теңге болған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд теңгеге жеткен. Өңдеу өнеркәсібі салаларында: машина жасау ісінде 45%, жеңіл өнеркәсіпте 23,9%, фармацевтикада 20% өсімге қол жеткізілген. Қағаз өнеркәсібінде, құрылыс индустриясы мен қара металлургияда өсім байқалады. Шағын және орта бизнес саласында 100 мыңнан астам компания қызмет етеді және бұл бағытта өңірдегі белсенді халықтың 45 пайызы жұмыс істейді. Кәсіпкерлер үшін бөлшек салықтың мөлшері 4%-дан 2%-ға дейін төмендеген. Биыл жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 19%-дан 25%-ға арттыру жоспарланған; экономиканың барлық саласында 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ға, кедейлік деңгейі 2,7%-ға дейін төмендеген; халықтың нақты табысы 4,7%-ға көбейген. Ауылдарда 92 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, екі ауданаралық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталған. Биыл «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірде 7100 орындық 10 мектеп пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, Президентке жылыту маусымының барысы, Qarmet кәсіпорнындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен бірге Е.Бөлекпаев әлеуметтік саланың жай-күйі, «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» жобаларының іске асырылуы туралы да баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ Qarmet компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды ерекше бақылауға алу қажет екенін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты
Тәуелсіздік күні: Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?: 12 желтоқсан 2024, 16:18 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Жерасты жылыту газгольдері жанып, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Кирилл Староверкин В тобында 9-сатыға тұрақтады