Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға 2024 жылғы 31 мамырда келді. Оны әуежайдан әкім Ерболат Досаев қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда. Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады.Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.