Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сондай-ақ құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сондай-ақ отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен басқа да кедергілерді жойып, көлік-логистика қызметінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет. Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді. Кеңес қорытындысы бойынша Президент Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мүгедектігі бар адамдарға қанша қызмет көрсетілді
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
ҚБТУ-дағы өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды – қорытынды жаңалықтарда (15.01.2025)
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды