Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.«Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.