Астанада 26-27 сәуір күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXХІI сессияны шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақыбырындағы сессия бейбітшілік және келісім сарайында болады.