Мемлекет басшысы «Қазпоштаның» басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Кездесуде акционерлік қоғам жұмысының атқарып жатқан жұмыстары баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастырып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды. Әсел ЖАНАСОВА, "ҚАЗПОШТА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Кірістеріміз 44 пайызға өсті. Бұл бірнеше факторларға байланысты. Біріншіден, біз шығындарды қаратырып, оңтайландырып 8,9 млрд теңге үнемдедік. Екіншіден, сәлемдеме бизнесінің өсуіне байланысты 33 пайызға көлемі өсті. Осы бағытта жаңа табыстар таба бастадық. Үшіншіден, қардылық сервистер. "Самұрық қазына" тобына кіретін компанияларға қаржылық сервистерді атқара бастадық.