Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайында шығарып салды. Қос тарап кеше шағын және кеңейтілген құрамда отырыс өткізіп, бірқатар мәселені талқылады. Маңызды құжаттарға қол қойды. Оңтүстік Корея басшысы әрі қарай Түрікменстан және Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр.