Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты

Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді. Нәтижесінде Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды. Сонымен қатар Президентке облыстың негізгі гидротехникалық нысандарының, атап айтқанда Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді. Құмар Ақсақалов елді мекендер мен инфрақұрылымдарға төнетін қауіптің алдын алу үшін су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда ұсталатынын айтты. Жалпы, өңірдегі дамбаларды бекіту, инертті материалдарды төгу нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Армиядағы жаңа жылдық дәстүрлері
Бетперделі адам денсаулықтары жақсы емес 4 баласы бар отбасын қуантты
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны өсті
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Мерейтойға барған»: Ұшақ апатынан бір отбасының 9 адамы ажал құшты
Құтқарушылар қар құрсауында қалған 5 адамды тапты
Маңғыстаулықтар Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды