Мемлекет басшысы Мысыр Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. "Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Бүгінде Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі. Сындарлы саяси диалог жолға қойылды. Көптеген екіжақты шарт пен келісім жасалды. Осы қарқынды бәсеңдетпей, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарымыздың басты негізі болуға тиіс. Бұған қос мемлекеттің әлеуеті толық жетеді", – деді Президент.Әбделуахаб Әбделразеқ Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді. "Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Бұл алға қойған мақсаттарымызды тиімді жүзеге асыру үшін жасалған дұрыс қадам деп есептеймін. Мысырлықтардың Қазақстанға деген құрметі мен ықыласы ерекше. Екі елді біріктіретін ортақ дүниелер көп. Жуық арада қос тарапқа да тиімді шаралар қабылданатынына сенімдімін", – деді Мысыр Сенатының спикері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін танымал кинорежиссер Ақан Сатаевтың туған күні
Балқаш көліне 4 млрд текше метр артық су жіберілді
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?
S.O.S: Астанада қазіргі күннің үлкен проблемасы туралы драма сахналанды
Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Ардақ Назаров «арақ ішпеуге» ұсыныс жасаған Түркістанда жаңа жылға бюджеттен қаржы бөлінбеді