Мемлекет басшысы Петропавл су торабына барды

Іргетасы 1973 жылы қаланған нысан Сергеевка және Петропавл су қоймаларының белгіленген режимде толтырылып, іске қосылуын қамтамасыз ету арқылы Есіл өзенінің ағысын реттейді.Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, өңірдегі су тасқынына Есіл өзені мұзының еруі және Ақмола облысынан ағын судың келуі себеп болған. Әсіресе, биылғы сең жүру кезеңінде мұздардың кептелісі салдарынан су деңгейі күрт көтеріліп, сел жүрді. Бұл инфрақұрылымның істен шығуына және Есіл өзенін жағалай орналасқан елді мекендерді су басуына әкеп соқтырды. Сондай-ақ ол су тасқынына қарсы іс-шараларға 2500 ерікті белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Аймаққа 300 тонна гуманитарлық көмек келді. Мемлекет басшысына «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Ыбыраев Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін қорғаныс ведомствосының 700 әскери қызметшісі мен 33 техникасы жұмылдырылғанын баяндады. Оның айтуынша, әскерилердің негізгі күші қаптарды құммен толтыру, бөгеттер салу, Петропавл қаласының маңындағы аудандар мен Қызылжар ауданының елді мекендеріне жақын маңдағы жағалауларды нығайту жұмыстарына бағытталған. Су тасқынына қарсы күрес шаралары басталғаннан бері әскерилер жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, бөгеттер салу, оларды нығайту жұмыстарын атқарған. Бұл бөгеттердің жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалыптасқан жағдайды нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін жылжымалы басқару пункті жабдықталғаны жөнінде мәлімет берілді.Ол үшін әр 2,5 сағат сайын жергілікті жердің 2D форматты картасы арқылы ақпарат беруге қабілетті ұшқышсыз басқарылатын барлаушы ұшу аппараты пайдаланылады. Сондай-ақ тәулік бойы ұша алатын әрі су тасқынына қатысты жағдайдың өзгеруіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін термовизиялық камерасы бар дрон қолданылады. «ҚазСуШар» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин Президентке Сергеевка су қоймасы 2022 жылы көпфакторлы тексерістен өткенін және оның техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланғанын мәлімдеді. Бүгінде өңірдегі екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Серік Шәпкенов құлсарылықтармен кездесіп, қандай көмек көрсетілетінін айтты
Көкшетауда кәсіпкерміз деген сылтаумен ақмолалықты алдаған алаяқ
Елімізге «Болашақтың ойындары» турнирінің комиссиялары келді
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына бағалы сыйлық берді (видео)
Алматыдағы жанып жатқан екі қабатты үйден өрт сөндірушілер 12 адамды құтқарды
Президент бірқатар ауыс-түйіс жасады
Астанада мұғалімдер оқушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады
Белгісіз біреулер Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзып алған
Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді
ШҚО-да банк бөлімшесінің бастығы күніне 2,5-5 млн теңге аралығында қаржы жымқырған
Тасқыннан зардап шеккен ақтөбелік балалар қайда демалады
Тоқаев Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
Қызылордада бос жұмыс орындары мен дайын өнімдер жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
Коллекторларға не істеуге болмайды: пайдалы кеңес
Қарағандыда полиция көлігі жантүршігерлік жол апатына ұшырады
«Мал бақтырып, иттің етін берген». Шымкентте ер адам асырап алған балаларын қорлаған
Астанада бүгіннен бастап Тәуелсіздік даңғылы жабылды
Су тасқыны: 61 мыңнан аса қазақстандық үйіне оралды
Желі жұлдызы Мұрат Әбділдә мерзімінен бұрын босап шыға ма?
Алматы облысындағы бір ауданда тұрғын жиырмадан аса ұрлық жасаған
Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді қарсы алды
Павлодарда кілтті жоғалатқаны үшін соққға жығылған әйел видеоға түсіп қалды
Орталық Азия елдері қауіпсіздіктің үш бағытында күш біріктірмек