Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Президентке Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындысы және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.Премьер-Министрдің айтуынша, ел экономикасының өсімі 5,1 пайызды құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7 пайызға артып, 39,5 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте былтырғы 9 айда шетелден 19,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 14 пайызға (500 мың адамға) артып, 4,3 миллион адамға дейін көбейді. Үкіметтің Ұлттық банкпен және өңір әкімдерімен бірлесе атқарған шараларының нәтижесінде инфляция деңгейі 2 есе, яғни 9,8 пайызға дейін төмендеді. Сыртқы тауар айналымы 2,2 пайызға өсіп, 126 миллиард долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы 16 миллиард доллардан асты. Мемлекет басшысына Үкімет бүкіл әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толық көлемде орындап отырғаны туралы мәлімет берілді. Ортақ зейнетақы мөлшері былтыр 10,5 пайызға, ал жыл басынан бері тағы да 9 пайызға индексацияланды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін жәрдемақы 23 пайызға ұлғайды. Жалпы, еліміздің 4,5 миллион азаматы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Ол үшін бюджеттен 4,6 триллион теңге бөлінген. Бүгінде Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құны 1,8 триллион теңге болатын 298 жоба іске қосылды. Биыл сомасы 3,8 триллион теңгені құрайтын тағы 326 жобаны, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында құны 1,2 триллион теңге болатын 180 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы ретте 15 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Премьер-Министр кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары, энергетика және құрылыс салаларында реформа жүргізу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне жаңа әдістерді енгізу жұмыстары туралы айтты. Бұдан бөлек, Президентке тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, халыққа қызмет көрсету сапасы мен оның сенімділігін арттыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ұлттық қор – балаларға» жобасының жүзеге асырылу барысы, «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің енгізілуі, денсаулық сақтау және туризм салаларының дамуы жайында баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Қазақстан құрамасы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты