Мемлекет басшысы Республикалық штабтың отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Республикалық штабтың отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.– Биылғы қарғын су ауқымы жағынан соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналған 2012 және 2017 жылдардағы деңгейден асып кетті. Бұл нені білдіреді? Болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Жағдай салалық мамандардың тапшылығынан туындап отыр. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа-райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келмейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық күші мен құралын, оның ішінде кадрлық және техникалық ресурсын барынша жұмылдыру қажет. Сонымен қатар еріктілерді, жәрдем бергісі келетін азаматтарды тарту керек. Алайда, ең бастысы – мемлекеттік органдар. Ахуал кез келген сәтте ушығып кетуі мүмкін. Қазіргі басты міндет – адам шығынына жол бермеу. Бұл орайда жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз қажет, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.– Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл – дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет. Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. Президент су басқан аймақтарда әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мәселесіне Үкімет назарын аударды. – Су тасқыны мен өртке қатысты жағдай жыл сайын қайталанады. Жауапты органдар мен салалық қызметтердің (Қазсушар, Қазгидромет) жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Тиісті шаралар, негізінен, жағдай орын алғаннан кейін немесе толыққанды болжам жасалмай қабылданады. Сондықтан бізге дағдарыс жағдайларын болжаудың нақты тетігі өте қажет. Цифрлық даму министрлігі Экология, Су ресурстары және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жыл соңына дейін барлық ықтимал төтенше жағдайларды (су тасқыны, өрт және т.б.) модельдеуге, тиісті болжамдар, ұсынымдар мен іс-қимыл жоспарын жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе әзірлеуге тиіс. Айтпақшы, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, ең алдымен, облыстардың әкімдері жазғы маусымға да дайын болуы қажет. Өрт немесе басқа да табиғи апаттардың болуы әбден мүмкін. Қазіргідей қамсыз отырмай, алдын ала әрекет ету керек. Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар. Осы ретте еліміздің шығыс өңірлеріндегі су тасқынын модельдеу жөніндегі ТЖМ мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының бірлескен жұмыс тәжірибесін қолдануға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент қарғын суды ауыл шаруашылығы қажетіне жарату үшін жоспар әзірлеу және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, әкімдіктер еріген қар суын елді мекендерден өзен арналарына немесе тоғандарға бұру жұмыстарын жүргізуі керек. Мемлекет басшысы Үкімет бекіткен Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын сынға алды. Оның пікірінше, тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары декларативтік сипатқа ие. Құжат су тасқыны салдарынан болатын шығынның алдын алу және азайту мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан тұжырымдаманы қайта қарау жөнінде міндет жүктелді. – Құзырлы мекемелер, яғни әкімдіктер, Төтенше жағдайлар министрлігі, Су ресурстары министрлігі бірлесіп жұмыс жасамайды. Жауапкершілік алудан қашады. Жұмысты бір-біріне сілтеп отырады. Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет. Ең басты критерий – мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі. Мемлекеттік органдар және әкімдіктер арасында нақты әрі тұрақты байланыс алгоритмі жоқ. Тиісті министрлік еліміздің табиғи апаттарға дайындығын қадағалап отыруы қажет. Бұл – министрліктің негізгі мақсаты. Осы мәселеге баса назар аудару керек. Министрлік гидротехникалық және басқа да маңызды нысандардың жағдайын тексеріп, шынайы мәлімет беріп отыруға тиіс, – деді Президент. Мемлекет басшысы су тасқыны мәселесі бойынша халықаралық тәжірибені, өзге елдердің қарғын суды қалай игеретінін мұқият зерттеу қажет екенін айтты. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде су ресурстары, ирригация салалары бойынша техникалық мамандардың тапшылығына назар аударды. Осыған қатысты Үкіметке шұғыл түрде шешім қабылдауды тапсырды. Отырыс барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұханбетов, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.Су тасқыны мен өртке қатысты жағдай жыл сайын қайталанады. Жауапты органдар мен салалық қызметтердің (Қазсушар, Қазгидромет) жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Тиісті шаралар, негізінен, жағдай орын алғаннан кейін немесе толыққанды болжам жасалмай қабылданады. Сондықтан бізге дағдарыс жағдайларын болжаудың нақты тетігі өте қажет. Цифрлық даму министрлігі Экология, Су ресурстары және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жыл соңына дейін барлық ықтимал төтенше жағдайларды (су тасқыны, өрт және т.б.) модельдеуге, тиісті болжамдар, ұсынымдар мен іс-қимыл жоспарын жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе әзірлеуге тиіс. Айтпақшы, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, ең алдымен, облыстардың әкімдері жазғы маусымға да дайын болуы қажет. Өрт немесе басқа да табиғи апаттардың болуы әбден мүмкін. Қазіргідей қамсыз отырмай, алдын ала әрекет ету керек. Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар. Осы ретте еліміздің шығыс өңірлеріндегі су тасқынын модельдеу жөніндегі ТЖМ мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының бірлескен жұмыс тәжірибесін қолдануға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
  • aqshamnews
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
  • el.kz
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
  • Massaget
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
  • aqshamnews
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
  • aqshamnews
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
  • el.kz
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
  • aqshamnews
  16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
  • aikyn
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
  • 1bol.kz
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
  • Massaget
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
  • baq.kz
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
  • aqshamnews
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
  • turkystan
  «Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
  • aikyn
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
  • baq.kz
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
  • penalty
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
  • el.kz
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
  • Massaget
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
  • aqshamnews
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
  • baq.kz
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
  • aqshamnews
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
  • aqshamnews
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
  • Massaget
  Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
  • aikyn
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
  • aladop.kz
"Алға Челси". Қазақстандықтар "Челсиге" жанкүйер болды
"Алға Челси". Қазақстандықтар "Челсиге" жанкүйер болды
  • penalty
«Челси» келгенде қар күремеген стадион басшысы түн ішінде қызметінен қуылды
«Челси» келгенде қар күремеген стадион басшысы түн ішінде қызметінен қуылды
  • 1bol.kz
«Челси» үшінші құрамымен «Астананы» тас-талқан етті
«Челси» үшінші құрамымен «Астананы» тас-талқан етті
  • 1bol.kz
Назарбаев және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
Назарбаев және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
  • qaz365.kz
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты
  • almaty_tv
Шавкаттың чемпиондық айқасы қашан өтеді? Менеджер мәлімдеме жасады
Шавкаттың чемпиондық айқасы қашан өтеді? Менеджер мәлімдеме жасады
  • penalty
Мемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Мемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
  • almaty_tv
Тоқаев Жетісу облысына барды: 12 желтоқсан 2024, 16:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Жетісу облысына барды: 12 желтоқсан 2024, 16:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті: 12 желтоқсан 2024, 14:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті: 12 желтоқсан 2024, 14:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Астанада «Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
  • el.kz
«Бір жарнамам миллион теңге»: Белгілі блогер айына қанша табыс табатынын айтты
«Бір жарнамам миллион теңге»: Белгілі блогер айына қанша табыс табатынын айтты
  • sn.kz
Құрбанғали Халиди еңбегін аударудағы кейбір мәселелер
Құрбанғали Халиди еңбегін аударудағы кейбір мәселелер
  • e-history.kz
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова өзінен 9 жас кіші блогермен көзге түсті (ВИДЕО)
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова өзінен 9 жас кіші блогермен көзге түсті (ВИДЕО)
  • sn.kz
Атырауда үйлердің арасынан екі адамның денесі табылды
Атырауда үйлердің арасынан екі адамның денесі табылды
  • turkystan
Қала әкімдігі жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды,
Қала әкімдігі жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды,
  • almaty_tv
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
  • almaty_tv
Заң мен тәртіп: Алматыда «Жастармен» жобасы басталды
Заң мен тәртіп: Алматыда «Жастармен» жобасы басталды
  • almaty_tv