Мемлекет басшысы Сингапурға алғаш рет мемлекеттік сапармен барды

Қазір елімізде 140-тан аса сингапурлық компания жұмыс істейді. Нәтижесінде, бұл мемлекеттің Қазақстанға салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемиядан кейінгі экономикалық қиындыққа қарамастан, екіжақты сауда көлемі артқан. 2 миллиард доллардан асып жығылады. Қос тарап оны әрі қарай жетілдіруді көздеп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға 20 жылдан кейін алғаш рет мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам Istana сарайында қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы басшыларға рапорт берді. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.Президент 1970 жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде дәл осы мемлекетте қызмет еткен. Сондықтан Сингапур – Мемлекет басышысына өте таныс ел. Бүгін араға 20 жыл салып, алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Қазір қос тараптың сауда және инвестициялық байланысы артқан. Ынтымақтастықтың жаңа деңгейі басталды. Енді энергетика, шикізат өңдеу және цифрлық экономика, қаржы технологиясы мен логистика саласы бойынша қарым-қатынас нығаймақ. Аман МАМБЕТАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:Сингапурдың өзінің географилық байланысы бойынша өте жақсы орналасқаннан кейін, Орталықта сауда және экономикалық, логистикалық маршруттардың ортасында тұрғаннн кейін біз Сингапурды өте жақсы хаб ретінде қолдана аламыз. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті. Президент бұл мемлекеттің Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін айтып, екі ел арасындағы көпжылдық ықпалдастыққа жоғары баға берді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Біз Сингапурмен арадағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Екі ел арасындағы тығыз байланыстың ұзақ жылдар бойы берік дәстүрі қалыптасқан. Мен Сингапурмен қарым-қатынас орнатуға тікелей атсалыстым. 1970-жылдары жас дипломат ретінде маған Сингапурда қызмет ету бақыты бұйырды. Өзім жұмыс істеген жердің мекенжайы да әлі есімде – Nassim road 51. Сингапур географиялық жағынан бізге алыс орналасқанымен, саяси және экономикалық тұрғыда сенімді серіктеске айналған. Бұл байланысты одан әрі арттыру үшін Президент форумда бірнеше бағытты айқындап берді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Бұл жоба болашақта «Орталық Азиядағы Сингапурға» әрі халықаралық жетекші бизнес-хабқа айналуды көздейді. Осы мақсатқа бөлінген мың шаршы километрге жуық аумақ Арнайы экономикалық аймақ режимінде дамиды. Әлемде 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға сұраныс төрт есе артады. Демек, 5 мың кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады. Қазірдің өзінде бұған қызығушылық танытып отырған сингапурлық компаниялар бар. Әсіресе, мұндағы кәсіпорындар экологиялық таза энергия өндіру бойынша серіктестікті нығайтуға шақырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Сингапур қоқыс жағу арқылы қуат өндіретін озық қондырғыларымен және қалдықтарды басқару жөніндегі инновациялық технологияларымен танымал. Географиялық алшақтық пен байланыстың нашарлығы ұзақ жылдар бойы екі мемлекеттің экономикалық байланысын тежеді. Ал, қазір қарым-қатынас бұрынғыдан әлдеқайда жақсарған. Оған- «Қазақстан темір жолы» мен сингапурлық кәсіпорын арасындағы серіктестік себеп. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем жаңа деңгейге шығара алады. Бұл – Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға шығатын ең төте әрі орнықты жол. Сингапур компаниялары мен қаржы институттары бұл саладағы бизнес пен инвестицияның мүмкіндіктерін зерттеп, айтарлықтай пайдаға кенеле алады деп санаймыз. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың да маңызы зор. Сондықтан екі елдің кәсіпорындары агроинновациялық орталық құрып, егіншілік және су ресурстарын барынша тиімді пайдалану бағыты бойынша жұмыс істесе, мол табысқа жетуі мүмкін. Форумнан кейін Президент Indorama корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Амит Лохианы қабылдады. Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Ренат БЕКТҰРОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:Бұл компанияның тарихы жылға жуық. Индонезияда басталған. Қазір әртүрлі мемлекетте жұмыс істеп жатқан компания. Олардың бас офисі осы Сингапурда орналасқан. Indorama комнаиясы химия, тыңайтқыштар жасау бойынша әлемде алдыңғы қатардағы компанияның бірі болып саналады. Қазақстан Сингапур сияқты Еуразия құрлығында IT-хабқа айналуды көздейді. Нақтырақ, еліміз жаңа әрі кешенді IT-жобалар, әсіресе жасанды интеллект саласында маңызды бастамалар жасау үшін ауқымды ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі. Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында 80 елдің екі мыңнан аса компаниясы жұмыс істейді. Оның 30-ы – сингапурлық кәсіпорын. Келешекте оның саны тағы артуы мүмкін. Сапар аясында қос тарап бірнеше меморандум мен құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары мен Дилхан Пиллэйді қабылдады. Келіссөздер ертең де жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада Мәңгілік ел даңғылы жарты айға жабылды
Дәріхананы өртеген Түркістан тұрғыны өрт ішінде қалып қойды
Асу Алмабаев UFC-де үшінші жеңісіне қол жеткізді
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Астанада Мәңгілік ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
20 жыл қатарынан чемпион болған «Қайрат» алғаш рет ұтылды
Астанада өзара бәстескен жасөспірімдердің бірі суға батып кете жаздады
2637 медицина қызметкері марапатталды
«Тас жол жоқ»: Тоқаев туризм саласының кемшіліктерін жіпке тізді
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккендер бар
2637 медицина қызметкері кәсіби мереке құрметіне марапатталды
Асу Алмабаев UFC-де тағы жеңіске жетті
Әскерилер соғыс ардагері Шәңгерей Жәнібековті ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Достарымен шомылуға барған: Павлодарда 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Шілдеден бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақылары қалай өседі?
Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек
Синоптиктер елдің басым бөлігінде ыстық болатынын ескертті
Ресей санкцияларын айналып өтіп тауар жеткізу туралы аййтылды
Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті
Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті
Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді
Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті
Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен