Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады. Ол Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады. Жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді."Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталды, - деді министр.Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.