Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевТүркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты. «Марқұмдардың туған-туыстарына, Өзіңізге және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтамын. Түркия – әрқашан қиындыққа қарсы тұра білген мемлекет. Сіздер мол тәжірибе мен ел бірлігінің арқасында бұл қиындықты еңсеріп шығасыздар деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент қауіп-қатерге қашан да дайын болу керек екенін атап өтіп, төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» тақырыбында өтіп жатқан саммитті өте қажетті іс-шара деп есептейтінін жеткізді. «Табиғи апат кезінде мемлекеттердің бір-біріне көмек көрсетуі аса маңызды. Бұған осы жолы тағы да көзіміз жетті. Бауырлас ел қиындыққа тап болғанда түркі жұрты ауызбіршілік пен жанашырлықтың озық үлгісін көрсетті. Қазақстан да түрік бауырларға бірден қол ұшын созды», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент Түркия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін айтты. «Түркия Қазақстанның басты бес сауда серіктесінің қатарына кіреді. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 33 пайызға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазақстанның тауарларын Түркия нарығына көптеп шығаруға мүмкіндік бар», - деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік инвесторларының Қазақстандағы жобаларын қолдауға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағыты аса маңызды рөл атқаратыны сөз болды. Қазақстан тарапы әлеуеті мол осы көлік-логистикалық бағдарды дамыту үшін ортақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Молдова Кубогінің үздік сұрмергені «Ақтөбе» жейдесін киеді
Жетісу облысында 109 отбасыға жаңа баспана берілді
Жаңа жыл алдында Қазақстанда доллар бағасы қалай өзгерді
Оқушылардың қысқы каникулы басталды
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
“Түрікмен әуе жолдары“ Мәскеуге рейстерді бір айға тоқтатты
Астанада пиротехникалық заттардың сатылуын бақылау бойынша рейд жүріп жатыр
2024 жылы жаңа туған сәбилерге ең көп қойылған есімдер анықталды
Астанада пиротехникалық заттардың сатылуын бақылау бойынша рейд жүріп жатыр
Азиада-2025: Қазақстан құрамасының формасы қандай?
Ауа райына байланысты Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылды
Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Конституциялық сот: Шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңға сәйкес қаралуы керек
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді