Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижелері, ведомствоны реформалау барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берді. Ол ұлттық қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты ҰҚК қызметін жетілдіру шаралары, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, озық ақпараттық технологияларды енгізу және қызметтік процестерді бюрократиядан арылту жайында баяндады. Сондай-ақ елімізде террористік және экстремистік әрекеттерге жол бермеу жұмыстарының күшейтілгені жөнінде айтты.Жыл басынан бері ҰҚК материалдары бойынша терроризм мен экстремизмге қатысы болғаны үшін 25 адам сотталған, сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тағы 13 адам ұсталған.Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 6 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған және 35 адам тұтқындалған.Заңсыз айналымнан 148 қару, қолдан жасалған 5 жарылғыш құрал, 32 граната және 4431 оқ-дәрі тәркіленген.Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 16 операция жүргізілген. Есірткі тасымалдайтын 18 халықаралық және 9 өңірлік арна, сондай-ақ 10 есірткі зертханасы жойылған.800 келіден астам есірткі және психотроптық заттар, 14 тонна химиялық реагенттер мен көкнәр шикізаты тәркіленген.Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекетке 707 миллиард теңгеден астам сома залал келтіруге жол берілмеген және бюджетке 1,2 миллиард теңге қайтарылған.Мемлекеттік шекараны бұзған 7 мыңнан астам адам ұсталған.Шекара арқылы қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдауға қатысты 395 әрекеттің жолы кесілген.Сондай-ақ 3,2 миллиард теңге көлеміндегі валютаны және құны 7,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз өткізуге тосқауыл қойылған;Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 50,3 миллион кибер және 819 DDoS-шабуылға тойтарыс берілгені туралы баяндады.Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттарына қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты