Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижелері, ведомствоны реформалау барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берді. Ол ұлттық қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты ҰҚК қызметін жетілдіру шаралары, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, озық ақпараттық технологияларды енгізу және қызметтік процестерді бюрократиядан арылту жайында баяндады. Сондай-ақ елімізде террористік және экстремистік әрекеттерге жол бермеу жұмыстарының күшейтілгені жөнінде айтты.Жыл басынан бері ҰҚК материалдары бойынша терроризм мен экстремизмге қатысы болғаны үшін 25 адам сотталған, сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тағы 13 адам ұсталған.Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 6 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылған және 35 адам тұтқындалған.Заңсыз айналымнан 148 қару, қолдан жасалған 5 жарылғыш құрал, 32 граната және 4431 оқ-дәрі тәркіленген.Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 16 операция жүргізілген. Есірткі тасымалдайтын 18 халықаралық және 9 өңірлік арна, сондай-ақ 10 есірткі зертханасы жойылған.800 келіден астам есірткі және психотроптық заттар, 14 тонна химиялық реагенттер мен көкнәр шикізаты тәркіленген.Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекетке 707 миллиард теңгеден астам сома залал келтіруге жол берілмеген және бюджетке 1,2 миллиард теңге қайтарылған.Мемлекеттік шекараны бұзған 7 мыңнан астам адам ұсталған.Шекара арқылы қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдауға қатысты 395 әрекеттің жолы кесілген.Сондай-ақ 3,2 миллиард теңге көлеміндегі валютаны және құны 7,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз өткізуге тосқауыл қойылған;Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 50,3 миллион кибер және 819 DDoS-шабуылға тойтарыс берілгені туралы баяндады.Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттарына қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, иран халқына көңіл айтты
Ускиті енді ғана жеңіп алған абсолют чемпион атағынан айырады
Тайсонды жеңіп төрт титул жинап еді. Усикті абсолют чемпион атағынан айырады
Олжас Бектенов: Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуі тиіс
Ішкі туризм: демалу және ем алу
Биыл Қазақстанда 6 мың жол апаты болған: оған негізгі себеп қандай?
«Күйеуі мүлде іздемеген». Оралда 3 баланың анасы 20 күннен бері табылмай жатыр
Алматы облысында интернет-алаяқтар халықты 8 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды
Қазақстан құрамасы элиталы дивизионда орнын сақтап қалды
Қазақстанда науқастардың 70 пайыздан астамы онкологиямен ауыратынын кеш біледі
Алматыда 8-сынып оқушысы бесінші қабаттан секіріп кеткен
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды
«Өзіміз отырып шай ішейік»: Еліміздегі АҚШ елшісі қазақтың танымал сөзін айтты (ВИДЕО)
Су тасқыны: Павлодар облысында үйлердің құрылысы қарқынды жүруде
Элиталы жезөкшелердің жұмысын ұйымдастырған атышулы "Айка" сотталды
«Талғарда 109 мұғалімге бір ғана дәретхана бар». Министр аталған мәселеге қатысты жауап берді
Президент киберқауіпсіздік мәселелерін көтерді
Президент Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, иран халқына көңіл айтты
Тоқаев: Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға
Ешкім ешқайда оралмайды - министр сағат белдуіне қатысты петиция туралы
Күліп-күліп шаршадым: Ахмет туралы жаңа фильмге көрермен пікірі
Түркияда аза тұту күні жарияланды
Алматы полициясы 3 тұрғынға ұрланған көліктерін қайтарды