Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заңға қой қойды

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды."Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң. Бұдан бұрын вейптерге тыйым салу және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты заңға қол қойылды. Енгізілген түзетулерге сәйкес «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген.  Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар. Мұндай қадам халық қаһармандарының есімін ұлықтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және отаншылдық сезімді оятуға зор үлес қосады.  Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі", - деді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстау облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады
Жетісайда құжатсыз жүрген 7 жасар бала: ол отбасына қайтарыла ма?
Биыл 254 мектептің құрылысы аяқталды
Бүгін Мұхамеджан Қаратаевтың туған күні
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Доллар, еуро және рубльдің 27 желтоқсанға бағамы жарияланды
“Қазақстандағылар қамқор болды“ - Ұшақ апатынан зардап шеккендер
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер қандай жетістіктерге қол жеткізді
Еліміздегі балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзірбайжан мамандары қатысады
Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде кездесу өткізді