ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада сөйлеген сөзінде табиғи апаттардың алдын алу мақсатында күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті. Түркиядағы жер сілкінісі мұндай қауіп-қатерлерге үнемі дайын болу қажеттілігін көрсетті, деп хабарлайды Аkorda.kz.Тоқаев ұйым аясында Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынды. Оны Алматыдағы Төтенше жағдайлар және алапат жер сілкіністерінің қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың негізінде ашуға болатынын да айтты. "Бұл орталықты 2016 жылы Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері құрған. Бірлескен күшке Ұйымның Азаматтық қорғаныс хатшылығы мәртебесін берген жөн деп санаймын. Ол апаттан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жұмыстарын үйлестіретін болады. Осы құрылым аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады". Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Түркияда болған жер сілкінісі табиғи апаттың алдын алу және оның салдарын жою үшін өзара іс-қимылды үйлестіру қажеттігін көрсеткенін баса атап өтті. Бұл туралы "Түркі әлемінің келешегі – 2040" құжатында нақты айтылған. "Сондықтан, іздестіру және құтқару қызметтерінің дайындығын күшейтуіміз қажет. Осы мақсатта елдеріміздегі Төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен техникалық құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынамын", - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, бұл шара қиын-қыстау сәтте шұғыл әрекет етіп, апаттың салдарын жою үшін іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік бермек.