Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ төрт бөлім қысқарды. Жаңартылған құрылым лауазымына Президент Әкімшілігінің Басшысы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президент Кеңсесінің Бастығы; Президенттің көмекшілері; Кеңесшілері және Президент Әкімшілігінің бөлімдері кіреді. Қол қойылған Жарлыққа сәйкес: – ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша; – экономикалық мәселелер бойынша; – халықаралық мәселелер бойынша; – құқықтық мәселелер бойынша; және – ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі. ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ: Президент Әкімшілігінің Басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Президент Кеңсесінің Бастығы Президенттің көмекшілері Президенттің кеңесшілері Президент Әкімшілігінің бөлімдері ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІЛЕРІ: Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша Экономикалық мәселелер бойынша Халықаралық мәселелер бойынша Құқықтық мәселелер бойынша Ғылым және инновация мәселелері бойынша