Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды

Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға пандемиядан кейінгі алғашқы сапары. Президентті аспан асты елі жоғары деңгейде, ерекше сән-салтанатпен күтіп алды.Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, құрметпен қарсы алғаны үшін алғыс айтты. Қытай – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 31 млрд доллардан асты. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қаралды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны ерекше. Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру жолындағы мақсатымыз ортақ. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайтуды көздейтін мұратымыз да бір. Біз үшін Қытаймен мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту өте маңызды. Екі ел басшылары құжаттар мен бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық ілтипат білдіріп, 70 жас мерейтойымен құттықтады. Президент ертең Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі. Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсімі болады. Ал 19-мамыр «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады. Си ЦЗИНЬПИН, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Осындай айтулы күні Сіз Қытайға мемлекеттік сапармен келіп отырсыз. Бұл біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді және Қытаймен тығыз байланыстарыңызды тағы да растайды. Қытай мен Қазақстан қытай-қазақ қатынастарының жаңа «алтын 30 жылдығына» қадам басты. Біздің елдеріміз достық, өзара қолдау дәстүрін дамытып, тиімді ынтымақтастықты тереңдетуі қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны қиындықсыз жеңді
"Астана" баскетболшыларының әр ойыны рекордқа ұласып жатыр
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды