Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Министрлік осы жылы мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 638 сериядан тұратын 43 сериал шығарған. Олардың ішінде «Хабар» Агенттігі» – 190 сериядан тұратын 12 сериал ұсынса, «Қазақстан» РТРК» АҚ – 198 сериядан тұратын сериал жарыққа шыққан. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында коммерциялық емес телеарналар 150 сериядан тұратын 20 сериал шығарды. Оның ішінде есірткі тарату туралы және отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыптардағы сериалдар үлкен рейтингке ие болды,-деді Аида Балаева. Сондай-ақ, биыл телерадио хабарлары саласын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Биыл шекаралас аудандарда отандық радиохабар тарату желісін дамыту бойынша 38 желілік бөлу бойынша конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Қазіргі таңда Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында цифрлық эфирлік телехабар таратудың 11 радиотелевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Жалпы, отандастарымыздың 93% - дан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш одан әрі артады,-деді Аида Балаева.