Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді

емлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Басқосуда Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы қаралды. Отырыста Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлау алдындағы бағдарламасында көлеңкелі экономика деңгейін төмендету міндеті қойылғаны айтылды. Бұл бағдарламаны іске асыру және бақыланбайтын экономикаға қарсы іс-қимыл аясында жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Үкіметтің былтыр 2023-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарды бекіткені атап өтілді. Нақты айтқанда, құжат мұнай және мұнай өнімдерінің, дәрі-дәрмектің, цифрлық активтердің айналымы сияқты бағыттарға қатысты іс-шаралармен толықтырылды. Осы мәселе бойынша Қаржы мониторингі агенттігі, Қаржы, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция министрліктері, «Самұрық-Қазына» АҚ басшыларының баяндамалары тыңдалды. Мемлекеттік кеңесші Кешенді жоспарда қарастырылған іс-шараларды сапалы орындаудың, негізгі көрсеткіштерге қол жеткізудің, тәжірибені ескеріп, көлеңкелі қызметке бейім басқа салаларды анықтаудың және қабылданып жатқан шараларды жаңартып отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекеттік органдар мен мекемелерге жоспардағы тиісті шараларды толық орындау туралы тапсырма берілді. Жиын барысындағы талқылауды ескере отырып, Комиссия нақты ұсынымдар әзірледі. Отырысты қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші бірқатар тапсырма берді және оның орындалуы бақылауға алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Ғасырға татитын ғұмыр: Бибігүл Төлегенова мерейтойын дүркіретіп өткізді (ФОТО, ВИДЕО)
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан