Елімізде кейбір халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттары апатты жағдайда. Тіпті кейбірі талапқа сай келмейтін нысанда орналасқан. Бұл мәселе "АМАNАТ" партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында талқыланды. Әлі күнге шатыры жөнделмегендері бар. Осындай кемшіліктердің салдарынан құжат жинау жұмысы бірнеше күнге созылуда. Мемлекеттік қызметтің тегін немесе ақылы жүргізілетінін анықтайтын нақты критерий жоқ екені де айтылды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева қазір Парламентте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мәртебесін арттыру туралы заң жобасы қаралып жатқанын хабарлады. Бұл кадр тұрақсыздығы мәселесін шешуге көмектеседі. Екатерина Смышляева, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мемлекеттік корпорацияның өзі қаржылық және заңды дербестікке ие емес. Сондықтан оған жария құқықтың заңды тұлғасы мәртебесін беру қажет. Бұл коммерциялық компонентті құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «көмекші» институты. Олардан құтылу оңай емес, өйткені сұраныс бар. Оларды ХҚКО-ның қосымша сервистері арқылы заңдастыру қажет. Нәтижесінде мемлекеттік корпорация да ақша тауып, олар сервистік қызмет көрсете алар еді