"Мемлекеттік қызметте істедім": Мөлдір Мұқанова күйеуінің арқасында өнерге келді деп сынайтындарға жауап берді

"Мемлекеттік қызметте істедім": Мөлдір Мұқанова күйеуінің арқасында өнерге келді деп сынайтындарға жауап берді

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова енді кинопродюсер атанбақшы. Бұған дейін өнер мектебін ашып, әншілерге продюсер болған Мөлдір отбасы, бала тәрбиесі, шығармашылығындағы жаңалықтар туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұқбат берді. - Мөлдір ханым, сұхбатқа келіскеніңізге көп рақмет. Әңгіменің әлқиссасын шығармашылық жаңалықтардан бастайықшы. Қандай сүйінші жаңалықтарыңыз бар? Жаңалық көп. Қазіргі заман қолды жылы суға малып қойып жайбарақат отыратын заман емес. Жалындаған жастық шақта мейлінше еңбек етіп қалу керек. Біреулер "мынау менің мотиваторым, мен осы адамға қарап жігерленемін" деп жатады ғой. Мен олай айтпаймын. Адамның бәрін бірдей Алла жаратты ғой. Менің ең басты мотивациям - деннің саулығы, аяқ-қолдың бүтіндігі, он екі мүшенің амандығы. Өнер жолындағы бірінші жұмысым - продюсерлік. Қазір бір жылдан асты домбырашы, әнші Ақтоты Болышеваны қанатымның астына алдым. Бір жылдың ішінде біршама жақсы нәтижеге жеттік. Ақтоты алғаш маған келгенде тек домбырашы еді. Бірақ менің пікірімше, тек қана домбыра тартатын өнерпазға қолдау азырақ. Сол үшін Ақтотыға әншілікті де жүктедік. Шүкір, халықтың алғысын алып жүр. Екінші үлкен жаңалығым - жақында кино әлеміне қадам бастым. Бұл туындымның басқалардан ерекшелігі - балалар киносы. Өздеріңіз білетіндей, менің "ММ" өнер мектебім бар. Бұл мектептің басқа бизнестер сияқты өз фишкасы болуы керек деп ойладым. Киномыздың тағы бір ерекшелігі - бұрын-соңды бұл сферада өнер көрсетпеген әртістер қатысты. Мысалы, Құрмаш Маханов, Гүлнұр Оразымбетова, Жанерке Елшін, Ақтоты Болышевалармен қоса өзім де осы туындыларда бой көрсеттім. Бұл туындыларды алғашында "балалар киносы" деп алғанмен, сценарийді жаза келе "отбасылық сериал" деп шығардық. Қазір екі сериал түсіріп қойдық. Бұйырса, отандық телеарналардан тамашалайтын боласыздар. - Үнемі жұмыспен, күйбең тіршіліктің бітпейтін қарбаласымен жүрген кезде балаларыңызға уақыт бөліп үлгересіз бе? Балаларыңыздың қызығушылықтарын қаншалықты бағалайсыз? - Кез-келген ана секілді мен де бала тәрбиесіне келгенде өз бойымнан мін іздеп отырамын. Өзіме кінә артатын да кездерім болады. "Мен оларға дұрыс көңіл бөлмей жатырмын ба?", "олардың таңдауын тыңдай алып жатырмын ба?", деп жиі ойлаймын. Баланың өз қалауын орындаймын. Таңдауын құрметтеймін. Таңдаған саласына қолдау білдіріп отырамын.- Осыдан он жыл бұрын танымал адамдардың балалары әртүрлі мектеп-гимназияда білім алса, қазір 99 пайыз әріптестеріңіз балаларына америкалық білім жүйесіндегі жеке меншік мектептерді таңдайды. Өзіңіздің балаларыңыз қандай мектепте білім алуда? Үлкен екі баламыз мемлекеттік мектепте білім алып жатыр. Екі кішкентайымыз жеке мектепте оқиды. Ондағы мақсат "мен мемлекеттік мектептің біліміне сенбеймін" дегенде емес. Балаларымды жеке мектепке бергендегі ойымыз ағылшын тілінде еркін сөйлесін дедік. Шүкір балаларыма ұнайды. Адал еңбегімізбен балаларымызды оқытып жатырмыз. - Өнер мектебіңіздің жұмыс істеп келе жатқанына 5 жылдай уақыт өтіпті. Қазір мектеп жұмысы қалай өрбуде? Талантты балалардың ішінде әлемдік додаларда топ жарып жүрген өнерпаздар бар ма? - Басын ашып айту керек, өнер мектебі - бизнес көзі емес. Бір баланың төлеген 18-20 мың теңгесі қазір 2-3 адамның бір күндік шай пұлымен тең. Ата-ана төлеген ақша балалардың өздеріне кетеді. Яғни, мұғалімге төлейтін ақша, есеп беру кештері, аспаптар, костюмдер сияқты шығындар өтеледі. Сондықтан, өнер мектебін табыс көзі ретінде көрмеймін. Тек осы салаға қосқан, жастардың дамуына қосқан үлесім деп білемін. Шүкір, талантты балалар өте көп. Түлектеріміз үлкен өнер ордаларына грантқа оқуға түсіп жатыр. Үлкен сахналарды, телевизиялық бағдарламаларды, киножобаларды бағындырып жүр. Бұл мектепке келгендегі мақсат "жұлдыз болу" болмау керек. Басты мақсат - баланың тұлғалық дамуы. Бала осы өнер саласын әрі қарай алып кетпегеннің өзінде өз ортасында лидер болып, ойын ашық айта алса оның өзі үлкен жетістік. Мен мұны ата-аналарға айтып отырамын. - Әлеуметтік желіні табыс көзі ретінде санайсыз ба? - Мен Instagram-да ғана белсендімін. Әлеуметтік желіні табыс көзі деп айтуға әбден болады. Себебі, саған сеніп, өзінің кәсібін жарнама жасатып жатса, оған қуануымыз керек. Мен бұл қызметті ақылы жасаймын. Бірақ таныстарымның, жағдайын айтып өтініш білдіргендердің жарнамасын тегін жасап жатамын. Бұны ашық түрде айтамын. Ұялатын ештеңе жоқ деп ойлаймын. Біреудің кәсібінің дөңгелеп кетуіне себеп болып жатсам, қуанамын. - Жарыңыздың монологтарында әйелдерге қатысты әзілдер көп. Оны өзіңізге қабылдамайсыз ба? - Жолдасымның монологтарындағы әйелдер образы ол тек қана менің прототипім емес, кез келген қазақ әйелінің кейпі десем болады. Себебі, қазақ отбасындағы әсіресе өзіміз сияқты ауылдық жерден шыққандардың менталитеттері бірдей ғой. "Кешке үйге келгенде үй жиналмаған, тамақ дайын емес, әйел күні бойы ғаламтордан шықпайды" деген монологын оқып жатқанда, қасымдағы отырған адамдар "Мөлдір, сен туралы айтып жатыр ма?" деп сұрады. "Иә, мен туралы айтып жатыр" дедім. Қайсыбіріне басын ашып түсіндіріп отырамын. Сол үшін мен ондайға арланбаймын. Тұрекеңнің айтатын әңгімелері әр жанұяда бар. - Үйде ақшаны кім ұстайды? Үйде ақшаны Тұрекең ұстайды. Бірақ әйел адамның өзінің де қажеттілігіне жұмсайтын қаржысы болу керек деп ойлаймын. - Қаржылық сауаттылыққа қалайсыз? Менің мамандығым - экономист. 4 жыл экономика факультетін оқып, қызыл дипломмен тәмамдағанмын. Сондықтан, қаржылық сауаттылықты менен сұрасаңыз болады. - Үнемі даму үстінде жүретініңізді білеміз. Бірнеше аспапта ойнайтыныңызды да білеміз. Өнер қаныңызда бар ма, әлде жарыңызға қызығып үйрене бастадыңыз ба? Адам баласы әрдайым даму үстінде болуы керек. Мен өзім өнерлі отбасынан шыққанмын. Анам өнер адамы болған. Өкінішке қарай, 13 жасымда өмірден озып кетті. Қаршадайымыздан еңбекпен қоса өнерге баулып өсірді. Сабақтан келген соң, үйдің шаруаларын жасап, мал жайғап, ән, би, хор сияқты үйірмелерге баратынбыз. Кейін, өсе келе отбасылық ансамбль құрдық. Ауыл арасында "Мұқановтар" отбасылық ансамблі атанып, алғыс алып жүрдік. Қазір көбі "дайын асқа тік қасық", "продюсер болғысы келді, бола салды" деп сынап жүр. Өнерге ертеден жақынмын. Үлкен ағам анамның жолын қуып, музыкалық білім алды. Мені өнерге жібермеді. Сондықтан, әкемнің мамандығын, экономика саласын таңдадым. Осы мамандықпен 21 жасымнан мемлекеттік қызметте істедім. Төртінші баламды дүниеге әкелгеннен кейін, ойландым. Үнемі қолбайлау болатын жұмыстан отбасыма, бала-шағама аз көңіл бөлетін болдым. Сөйтіп, өнер мектебін аштым. Баян, домбыра, фортопиано аспаптарында еркін ойнай аламын. Қазір укулеле аспабына қызығып жүрмін. Аспапты арнайы сатып алып, Youtube қарап үйреніп жатырмын. Арнайы курс сатып алып, үйірмеге қатыспаймын. 

Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
  • Massaget
  Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
  • aikyn
Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды – Ольга Смородская
Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды – Ольга Смородская
  • 1bol.kz
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
  • aqshamnews
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
  • aqshamnews
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
  • aqshamnews
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
  • aqshamnews
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
  • aqshamnews
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
  • aqshamnews
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
  • aqshamnews
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
  • aqshamnews
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
  • aqshamnews
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
  • aqshamnews
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
  • el.kz
  Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
  • aikyn
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді
  • baq.kz
  Екібастұздағы ауруханада зейнеткердің 13 миллион теңгесі ұрланды
Екібастұздағы ауруханада зейнеткердің 13 миллион теңгесі ұрланды
  • aikyn
Келер жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінеді
Келер жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінеді
  • el.kz
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты
  • almaty_tv
Патриоттардың екі буыны Отанға адал болуға ант берді
Патриоттардың екі буыны Отанға адал болуға ант берді
  • baq.kz
  Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды
  • aikyn
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
  • Massaget
  Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
  • aikyn
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
  • baq.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
«Олимпиаданы ұтқанда өзбектер қатты өкінді»: Бақыт Сәрсекбаев өткенді есіне алды
«Олимпиаданы ұтқанда өзбектер қатты өкінді»: Бақыт Сәрсекбаев өткенді есіне алды
  • 1bol.kz
Гвардиола Поль Погбаны "Сити" қатарынан көргісі келеді
Гвардиола Поль Погбаны "Сити" қатарынан көргісі келеді
  • penalty
Қарсыласын жеңген Қуат Хамитов 10 млн теңге сыйақыға ие болды
Қарсыласын жеңген Қуат Хамитов 10 млн теңге сыйақыға ие болды
  • turkystan
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Павлодар облысында 10 мың адамды жылытуға қауқарлы пункттер іске қосылды
Павлодар облысында 10 мың адамды жылытуға қауқарлы пункттер іске қосылды
  • halyq-uni
Танымал брендтің негізін қалаушы қайтыс болды
Танымал брендтің негізін қалаушы қайтыс болды
  • turkystan
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді
  • turkystan
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
  • turkystan