Мемлекеттің мүддесіне келгенде ойымыз да, міндетіміз де ортақ – Е.Қошанов

Мәжілістің жалпы отырысында Ерлан Қошанов депутаттар жұмысының қарқыны да, салмағы да арта түсетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Ол атағандай, Мемлекет басшысының реформаларының нәтижесінде елдегі негізгі саяси институттың барлығы жаңғырды. Мәжіліс сайлауы сол жаңғырудың соңғы сатысы болды. «Мәжілісте алғаш рет 6 саяси партия және бірмандатты округтен сайланған депутаттар отыр. Біздің бағдарламаларымыз бен көзқарасымыз әртүрлі болғанымен елдің, мемлекеттің мүддесі мәселелеріне келгенде ойымыз да, міндетіміз де ортақ», - деді Қошанов. Мәжіліс спикері күн сайын Мәжіліс жұмысының қарқыны да, салмағы да арта түсетінін жеткізді. Сонымен қатар, Қошанов заң шығару мәселесіне де тоқталып өтті. «Негізгі жұмысымыз - сапалы және нақты жұмыс істейтін заңдар қабылдау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы шақырылымның бірінші сессиясында жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығына тоқталған болатын. Соның ішінде Мемлекет басшысы еліміздің қарқынды дамуы үшін алдағы 5 жылда сапалы заңнамалық негіз жасауды тапсырды. Бұл үшін барлық алғышарт жасалған. Мәжіліске заң қабылдау өкілеттігі бүгінгі күні болығымен берілді. Енді жүк те, жауапкершілік те бізге түседі деген сөз», - деді ол. Қошанов депутаттар үйлесімді, тиімді және жүйелі жұмыс істеуі керегін айтты. Мәжілісте 50-ге жуық заң жобасы қаралып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жуырда тағы да бірқатар заң жобасы Мәжіліске келіп түседі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
950 жылдық теңдессіз туынды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды