"AMANAT" партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істемек. Ынтымақтастық туралы меморандумға бүгін партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қол қойды. Келісім патриоттық құндылықтарды қалыптастыруды және қазақ халқының дәстүрлерін сақтауды көздейді. Елнұр Бейсенбаев партия әрқашан әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық және отбасылық мұраттарға адалдық сияқты ортақ мызғымас құндылықтарды нығайтуды құптайтынын айтты.Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Мемлекет басшысы ең басты бір тезисті айта білді. Біздің ортак концепциямызды, біздің ортақ бағытымызды анықтайтын бір ғана дүние бар. Ол біздің көк байрағымыз бен көк паспортымыз деді. Нағыз біздің бір мемлекетте өмір сүретініміздің айқын көрінісі.