Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман Алматыдағы Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты пікірін айтты."Кеше біздің Серік ағамызбен осындай жағдай болып қалды. Біріншіден, менің оқушым Зелімхан оның Олимпиада чемпионы екенін білмеген екен. Мен бірден оқушыма бара алмадым, өйткені мені ұстап тұрды. Артынан "Ағай, мен тіпті оның Олимпиада чемпионы екенін білмедім" деп келіп тұр. "Нең бар?" дедім. Шынымен күресіп жүрген, өзі менің залымда тұрып жүрген бала. Жаттығуға алыстан келеді, жалғыз өзі залда тұрады. Сол себепті ренжімеңіздер.Мен де ашуланып кеттім. Жаттықтырушы ретінде үнемі кішкентай балалармен жұмыс істеймін. Кішкене ашуланып, Серік ағайды күтіп, бардым. Ол кісімен сөйледім. Бір-бірімізге қол бердік. Ол да "Эмоциямен бәрі болады, претензиям жоқ" деп айтты", - деді Александр Гольцман.