Блогер Фариза Төреәлі әкесінің сыйлығын Instagram парақшасында көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.Блогердің әкесі Төреәлі Төлепов жақында ғана ана атанған қызына қымбат көлік нөмірін сыйға тартқан. Ал блогер мұндай дүниелерге қызықпайтынын айтып, оқырмандарына өзінің өмірлік құндылықтары басқа екенін айтты. Әдемі көлік, қымбат нөмермен жүру – мен қалайтын, қызығатын табиғатымдағы дүние емес. "Тіпті менде сондай болса екен" деп армандамағанмын. Бала күнімнен құндылықтарым басқа. Бірақ дүниеге қызықпасам да, олар мені тауып алады. Жүректен дүниені алып тастасаң, Алла өзі-ақ оларды артыңнан жүгіртіп қояды екен. Фокусым әрдайым басқа нәрселерде, бірақ ойламаған тіпті армандамаған дүниелерге ие болып жатамын. Солай, ойда жоқта папамнан нөмер сыйлық болды. Дархан екеумізге бірдей нөмер сыйлады. Екеуміз мәз болдық, күтпеген жерден. Маған ұнады. Қалада көріп қалсаңыздар, белгі беріңіздер. Мен де "вип казашка" боп жүретін болдым, – деп жазды блогер.