"Мен оларға көмектеспеймін": Түркістан облысының әкімі бизнестегі ағалары туралы айтты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте отбасының бизнесіне және олардың салықтан жалтаруына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Брифингте журналистер әкімнің бүкіл отбасы бизнеспен айналысатынын, ағаларына тиісті құрылыс компанияларының салықтан жалтаратынын айтты. Сондай-ақ Сатыбалдыдан “басы дауға қалған ағаларыңыз қызметіңізге кедергі келтіре ме? Олар Түркістан облысындағы тендерлерге қатыса ма” деп сұрады. “Мен үлкен әулеттен шыққанмын. Отбасымызда 7 ағайындымыз. Бір әпкем, жеті бауырым бар. Олардың көбі менен үлкен. Мен үйдің алтыншысымын. Егер олардың бизнес тарихын қарасаңызды кәсіптерін 90 жылдардан бастағанын көре аласыздар. Неге олар 90 жылдардан бастады? 89 жылдың соңы мен 90 жылдың басында отбасымыздың үлкен болғанына қарамастан 100 пайыз бәрі жұмыссыз қалды. Солайша саудамен айналысып бастады. Мен ол кезде студент болдым. Менде саудамен айналысып жүрдім. Бұл жерде не айтқым келеді? Бұл – олардың жұмысы. Олар өздері ақша тауып жүр”, – дейді әкім. Сондай-ақ Дархан Сатыбалды ағаларының өзіне ешқашан кедергі жасамағанын сөз етті. “Менің ағаларыммен өзара келісімім бар. Шымкентте қызметте жүргенде ешқашан менің жұмысыма араласпайтыны, ешқашан тендерлерге қатыспайтыны туралы келісімге келгенбіз. Олардың бизнесі тек Астанада орналасқан. Шымкент пен Түркістан облысында ешқандай бизнестері жоқ. Осылайша олар менің жұмысыма ешқандай да ықпалын тигізе алмайды. Менде оларға көмектеспеймін. Керісінше менің әкім болғаным оларға қиынырақ деп ойлаймын. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ деген ойдамын. Талдыкөл немесе олардың табыстары, қанша салық төлейтініне қатысты жағдайды толық білмейтіндіктен дұрыс емес ақпарат беруім мүмкін. Сол үшін жауап беруден бас тартамын”, – деді ол. Айта кетсек, Дархан Сатыбалдының ағалары Ғабит және Сұңқар Сатыбалдиевтер Кіші Талдыкөл мәселесі бойынша сынның астында қалған еді. Оларға тиесілі SAT-NS ЖШС және SAT Group Project компаниялары құрылысты ескертусіз, жобалау-сметалық құжаттамасыз іске асырған болатын. Кейіннен елордалық қоршаған ортаны бақылау басқармасы оларға 1,2 млн теңгеге айыппұл салды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді