"Мені осындай жағдайға жеткіздіңіздер": Грузияның бұрынғы президенті Сакаашвилидің қазіргі кейпі көпті шошытты

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ақпан айынан бері алғаш рет клиникадан бейне байланыс арқылы сот отырысына қатысты. Оның жүдеу кейпі көпті алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тікелей эфирдегі скриншоттарды Facebook парақшасында саясаткердің бұрынғы өкілі Дарья Чиж жариялады. Ол Саакашвилидің ауруханада жатып, қаншалықты арықтап кеткенін көрсетті. Сот отырысында Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвили бұрынғы президенттің еуропалық жақтастары грузин халқынан кешірім сұрауы керек деп мәлімдеді. Папуашвилидің пікірінше, Михаил Саакашвилидің шетелдік достары тәртіпсіздіктер жасап, Грузияны құрбан еткен. "Еуропарламент менің босатылуымды талап еткені үшін кешірім сұрауы керек екен. Парламент төрағасына айтқым келетіні – мені осындай күйге жеткізгендеріңіз үшін сіздер кешірім сұрауларыңыз керек. Еуропарламент депутаттарынан, отбасымнан, менің алдымда, Украина мемлекетінен және грузиндердің алдында грузин мемлекетінің негізін салған адамды осындай күйде жеткізгендеріңіз үшін кешірім сұрауларыңыз керек. Папуашвили, маған мұқият қараңыз", – деді Саакашвили сотта. Саясаткер сот процесіне дейін 120 келі болған, ал қыста оның салмағы 69 келі болыпты. Саакашвили – Украина азаматы. Украина президенті Владимир Зеленский Саакашвилидің қандай күйде екеніне наразылығын білдірді. "Бүгін СІМ-ге Грузияның Украинадағы елшісін шақыруды, оған қатты наразылық білдіруді және өз астанасымен кеңесу үшін 48 сағат ішінде Украинадан кетуді тапсырдым", – деді Зеленский. Естеріңізге сала кетейік, Грузияда Михаил Саакашвилиге қарсы бес қылмыстық іс қозғалған. 2018 жылы Грузияның экс-президентін алты жылға бас бостандығынан айырылды. 2021 жылы жергілікті сайлау қарсаңында Саакашвили Грузияға келді. Сол уақытта дереу ұсталып, түрмеге жабылды. Осыдан кейін саясаткер аштық жариялап, өзін "саяси тұтқын" деп атады. Саакашвилиге Грузия шекарасын заңсыз кесіп өту деген жаңа іс ашылды. 2022 жылдың мамырында денсаулығының нашарлауына байланысты ол түрмеден Тбилиси маңындағы жеке клиникаға ауыстырылды, онда ол жеке палатада қамауда ұсталды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Доллардың өсуі ипотекалық бағдарламаларға қалай әсер етпек?
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл