"Мен тоқал емеспін". Альмира Тұрсын жеке өмірі туралы қауесетке жауап берді

"Томирис" фильмінің басты кейіпкері, актриса Альмира Тұрсын жеке өмірі туралы қауесетке жауап берді,  - деп хабарлайды Massaget.kz."Барлық мұсылмандарды Ораза Айтпен құттықтаймын! Оразаларыңыз бен дұғаларыңыз қабыл болсын!Бұл ай мен үшін ерекше болды! Бұл өзімнің жеке өзгерісіммен, дұғалармен және өзім үшін маңызды нәрселерді орындауға шешім қабылдауыммен байланысты.Мен туған әкеммен кездестім және бата алдым. Бұрынғы серігіммен сөйлестім, біз бірге өткізген өміріміздің қорытындысын жасадық.Бұрыннан Назирамен кездесіп, сөйлескім келіп жүрген. Көпшілік мені "ажыратушы әйел" және "ажырасудың себепшісі" санайтынын білемін. Бұл мені мазалап жүрді. Сондықтан мыңдаған ой мен уайымның орнына жеке кездесіп, сөйлесуді шештім. Кеше Айт алдындағы ауызашарда біздің кездесуіміз өтті.@nazirabakayeva-ға ықыластылығы мен маған уақыт бөлгені үшін, ашықтығы және шынайылығы үшін алғыс айтамын.Алланың алдында бір-бірімізге деген сыйластық пен мейіріммен, жылы да жайлы ортада, шын жүректен, ризашылықпен барлығы жайлы әңгімелестік, жауаптар алдық, азаттық пен жеңілдік. Құдайға мадақ пен шүкір!Мен ажырасудың себепшісі болмадым. Олардың жеке себептері болды. Мен бұрынғы күйеуіммен басқа біреу үшін ажыраспадым. Біздің жеке себептеріміз болды. Мен тоқал емеспін, екінші әйел емеспін. Назира екеуміздің бір-бірімізге ренішіміз жоқ. Біз жеке тұлға ретінде бір-бірімізді құрметтейміз. Әңгімелесіп, дос боламыз!  Сондықтан, құрметтілерім! Біреуді талқылап, кінәлап, жала жаппайық! Өйткені, біз Құдай емеспіз, адамбыз, біз басқалардың жүрегін көре алмаймыз және өмірін біле алмаймыз. Бір-бірімізге мейірімді болып, өзгенің сезімін, қарым-қатынасын сыйлап, қадірлейік! Әумин", - деп жазды актриса өзінің инстаграм парақшасында.Еске салайық, әлеуметтік желілерде "Қазақфильм" басшысы мен актриса Альмира Тұрсынның арақатынасы туралы қауесеттер тараған болатын. Себебі екеуі де бірдей дерлік мезетте ажырасқаны талқыланды. Ақан Сатаев пен Назира Бақаева былтыр қарашада Instagram-дағы парақшаларында ажырасқанын мәлімдеген еді. Бес баланы тәрбиелеп отырған олар жақын дос болып қалғанын айтқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді