«Менің әріптесім құлаған ғимараттың астында қалды», - Қазақстан азаматы

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды. Көңіл айту кітабына «Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын» деп жазба қалдырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қиын-қыстау сәтте Қазақстан бауырлас елге жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Түрік еліндегі жағдай әлі тұрақталған жоқ. Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 3:22 де тағы 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзаладан көз жұмғандар саны 11 мыңнан асты. Зардап шеккендер 41 мың шамасында. 4 қазақстандық жоғалып кеткен. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Толығырақ тілшіміз Сүндет Оралбеков айтады.Түркияның Газиантеп қаласынан ұшып шыққан арнайы рейспен 18 азамат елге оралды. Түрік еліне құтқарушыларды апарған ұшақ бос қайтпай, елге оралуға ниеттенгендерді ала келді. Оның 16-сы - қазақстандық, екеуі - Қырғыз азаматы. Айбөбек НАРБЕКҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ: Ғимараттар құлап кетті. Сол ғимаратта қалып кеткен менің коллегам бар. Бүгін кешке өлі денесі табылды. Үш сөзбен айтып жеткізе аламын. Біріншісі: түсінбеу, түсінбейсің не болып жатқанын. Екіншісі: қорқыныш, өзіңнің өміріңе, жолдасыңның өміріне, жақындарыңның өміріне. Үшіншісі: сол жағдайды қабылдайсың. Дана ҚАЙРУЛОВА, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ: Жердің сілкініп жатқанын сезгеннен кейін, өзімнің жанымда жатқан қыздарымды, көршілерімді оятып, эвакуацияға дайындалдым. Мен төсектен тұрған уақытта менің жатқан төсегімнің жанындағы қабырға төсегіме құлап түсті түгелдей. Мен документтерімді, қымбат-қымбат заттарымды шығарып, біз астынғы қабатқа түсіп, қыздармен аман қалдық. Жер сілкінісі кезінде 4 қазақстандық із-түзсіз жоғалып кеткен. Оның үшеуі Хатай қаласында, біреуі Адана қаласында болған. Алмат Құрмашев та бауырын таба алмай жатқандарын айтады. Алмат ҚҰРМАШЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз бауырымызбен зілзаладан кейін бір тәулік бойы хабарласа алмадық. Енді өзім іздеп барамын. Бәрі жақсы деп ойлаймын. Апат кезінде телефоны сынып немесе жоғалып кетуі мүмкін. Сол үшін бізбен хабарласа алмай жатыр деп үміттенемін. Бүгін Анадолы еліне көмек қолын созу үшін құтқарушылардың екінші тобы ұшты. Бортта ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық топтар бар. Ал қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі Түркияның Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр. Олар екі топқа бөлініп, ең қиын учаскелерге аттанған. Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Біз Түркия еліне жіберген мамандар тобын күшейту туралы шешім қабылдадық. Ол жайлы мемлекет басшысы мен үкіметке хабарладық. Нәтижесінде, міне, бүгін 56 адам жіберіп жатырмыз. Олар барлық қажетті құрал жабдықпен қамтамасыз етілген. Қажет болса олар өзіміздің құтқарушыларға көмек бере алады. Сондай-ақ бортта жеңіл, жедел құтқару техникасы да бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрік еліне көмек ретінде 1 млн АҚШ долларын бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, еліміздің өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақ халқы, түрік халқы бауырлас. Сондықтан әрқашанда бірге болуымыз керек. Бұл қасіретті бірге еңсереміз. Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты. Уфук ЕКИДЖИ, ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Қазақстандық бауырларымыздың алғашқы сәттен-ақ жауап қайтарып, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқаны бізді қуантты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарына қолдаулары мен тілектері үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы қазір үш жерде көмек қабылданып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы өзге де өкілдіктерде көмек жинау орындары ашылған. Елші азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Тоқаев АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды
ШҚО қауіпсіздік рейдтері өтіп жатыр
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды