"Менің екі әкем болды". Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы айтты

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев "Сәлем, Папа" жобасында ата-анасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Әнші бала кезінде ата-әжесінің тәрбиесінде болғанын айтты. "Балалық шағым Жамбыл облысының Талас ауданында өтті. Ол кезде заман сондай ма, ата-әженің баласы болдық. Әке-шешем жас. Олар қалада тұрды. Мен ата-апамның қолында ауылда тұрдым. Әкем маған аға секілді көрінетін. Әке-шешемнің солар екенін естігенде қатты таңғалдым. Оған дейін мен ата-апамның баласымын деп өсітім ғой. Мектепке баратын кезде әкем атамнан жалынып сұрап алған. "Қаланың өмірін көрсін, мектепке барады" деген соң, атам рұқсатын берді. Балалық шақта екі әкенің тәрбиесін көрдім деп айта аламын", – дейді әнші. Әнші өнерге келе бастағанда Алтынбек Қоразбаев әкесіндей қамқорлық жасағанын да айта кетті. "Одан кейін қалада 12-13 жаста болуым керек. Өнерге араласа бастадым. Өнердегі әкем – Алтынбек Қоразбаев. Ол кісі де әкемдей қамқорлық жасады. Құдайға шүкір, менің әкелерім көп болды", - дейді Мейрамбек Беспаев. Әнші ата-анасы жайлы сөз қозғады. "Әкем ақкөңіл кісі. Ортасын жадыратып, күлдіріп отыратын. Шешем – салмақты, көп сөйлемейтін адам. Маған екеуінің де қасиеті қанмен берілді деп ойлаймын. Салмақтылығым да, әзіл айтып күлдіріп отыратыным да бар. Әкемнен шапалақ алған адам емеспін. Оның қас-қабағына қарап-ақ түсіне беретінбіз. Әкенің рөлін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оны өзіміз әке болғанды жақсы түсініп жатырмыз. Әкенің қадірін балалы болғанда білесің. Балаға әкенің өсиеті мен берген тәлімі өте маңызды. Қазақ әкені асқар тауға теңейді. Бүгінде балаларыма жақсы әке болуға тырысамын. Мен бала күнімде "Бозторғай" деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. "Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ" дегенде, "өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой" деп қатты таңғалғаным бар", – дейді өнер иесі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Вьетнам нарығын астық, ұн және етпен қамтамасыз етуді көздеп отыр
Бішкектегі тәртіпсіздік: пәкістандық студенттер Қырғызстаннан Қазақстанға өткелі жатыр ма?
Ақтөбе облысында алапат өрт кезінде екі зейнеткер қаза тапты
18 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Күйеуімнен кету үшін арнайы сапар ойластырдым»: Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовке бірден ғашық болғанын айтты
Алматыда жер сілкінетінін ескертетін жүйе пилот режимінде іске қосылады
ФИФА Израильді әлемдік футболдан шеттетуі мүмкін
Израиль әскері ХАМАС тұтқынға алған 3 адамның мәйітін тапты
Қазақстан Вьетнам нарығын астық, ұн және етпен қамтамасыз етуді көздеп отыр
Халықаралық турнирде Қазақстанның 14 боксшысы алтын медаль алды
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
"Атырау – Орал" тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
Қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаев үйіне келді
Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар тапсырма берді
Батыс Қазақстанда жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде
Көкөніс бағасын тұрақтандыру: Серік Жұманғарин өндірушілермен келісімшартты аяқтауды тапсырды
Павлодарда әйелін кілт жоғалтқаны үшін ұрып-соққан ер адам ұсталды
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
Сағындық Тоғамбай «Елорда кубогы» турнирінің жеңімпазы атанды
Қарағандыда бұрын депортацияланған және шекарадан заңсыз өткен шетелдік табылды
Елордалық әскери бөлімнің жас сарбаздары ант берді
Серік Жұманғарин бағаны тұрақтандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті