Танымал әнші Ерлан Орынбасаров әндерінің көпшілігі жан-жары Баян Нұрмышеваға арналғанын "Мархабат" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның айтуынша, шаңырақ көтерген 10 жыл ішінде әйелі музасына айналғанын атап өтті."Әндерімнің 100 пайызы соған арналған. Бұған дейін үйленбей тұрып "Жалғыз аққу" деген сияқты әндер жазғанмын. Баян маған муза болды. Үйленгеннің бері сондай әндер жазылды. Мәселен, "Біргеміз" әнін Баян нан аламын деп дүкенге кеткенде жазғанмын. Ұзаққа кетті, сағынып, осы ән туды. Өз арамызда қалжыңдап, осы әнді "нан" деп айтамыз. Бұдан бөлек екі бөлек гастрольде жүргенде де сағыныштан көп әндер шықты", - деді ол.