«Менің зарлы жанымды кім ұғынған?»: Ақын Серікзат Дүйсенғазы қаза тапқан ұлын еске алды

«Кеудемде жаным барда баламның атын өшірмеймін» Smart News басылымының хабарлауынша, айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы былтыр дәл осы күні шаңғы теуіп жүріп оқыстан қаза болған ұлы Әлиханды еске алды. «Ертең Алла жазса, Әлиханымның жылдық асын береміз. Соңғы ресми жиыны ғой. Бүгін дүниеден өткен күні еді. Бір жыл қазақтың дәстүрімен құлынымды жоқтадым. Сол күні Елікті таудың басында жылап тұрып жазған өлеңімді сіздермен бөлісіп отырмын. Бұдан кейін жоқтау өлең салмаймын. Өйткені, енді оның екінші рухани өмірі басталды. Кеудемде жаным барда балапанымның атын өшірмеймін. Жаның жәннатта болсын, жарығым!» деп жазды ақын. Серікзат Дүйсенғазы алдағы уақытта баласы туралы тек жақсы нәрсе жазатынын айтып, ұлына арналған жоқтауын желіге жүктеді: «Құшақтаған Ақандай Құлагерін, Құр сүлдеңді қапсырып жылап едім. Аспан мен жер теңселіп тұрды сонда, Жан азама шыдамай мына менің. Сөніп сол сәт Көкшеге тұнған арай, Қардан қайғы жамылды мың қарағай. Құлын даусым шырқырап бара жатты, Шыбын жаның үзілген шыңға қарай. Алай-түлей жұлқынып жел жылады, Ақ түтекке қосылып ел жылады. Мұнар мұңнан арылмай тұнжырады, Құмар қылған талайды жер жұмағы. Қапелімде басыма келді қайғы, Бұлт бүркеді көрсетпей теңбіл айды. Қасіретке қасқайған тау қозғалып, Мұз астында мүлгіген көл мұңайды Тағдыр тақта жазған соң сорды басқа, Кім өзгертер жазмыштай жолды қасқа?! Емен ағаш иіліп еңірегенде, Еліктінің етегі толды жасқа. Дәл сол сәтте кешегі күнді аңсадым, Ой-санамда сандалып тұнған сағым. Қарашықта бұлдырап бара жатты, Сенің соңғы күлімдеп тұрған шағың. Лайланбаған бала едің тұнығыңнан, Менің зарлы жанымды кім ұғынған? Қалай ғана көз жазып қалдым екен, Көзден таса қылмаған құлынымнан?! Неге ғана келдім деп тепсең жерге, Сең соққандай сенделдім сексен көлде, Елден ерек жаралған жарығым-ай, Енді қайтып туар ма ең ексем жерге!» Айта кетейік, жалғыз ұлынан қапыда айырылып қалған ақынға сол кезде бүкіл елдің қабырғасы қайысып көңіл айтқан болатын. «Қазаның арты қайырлы болсын!» деп тілек білдірген еді. Айтқандай-ақ, арада тұп-тура 9 ай өткенде ақынның жары ұл босанып, атын Әлімхан қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды