Мердігер мен шенеуніктер дауынан оқушылар зардап шегіп отыр

Құрылыс компаниясы мен шенеуніктер арасындағы тартыстың кесірінен Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы мектептің құрылысы межелі мерзімінен кешікті. Мердігер құрылыс материалдары қымбаттап, шығынға батқанын алға тосса, атқамінерлер мұнымен келіспейді. Айналып келгенде, ауыл балалары апатты ғимаратта білім алып жатыр.Казталов ауданындағы 600 орындық мектеп былтыр ашылуы тиіс еді. Бірақ құрылысы әлі бітпеген. Қазір ауыл балалары апатты мектепте оқиды. Мектеп басшылығы опырылып құлауы мүмкін ғимараттың үшінші қабатын жауып, жарылған қабырғаны темірмен тартып қойған. Бұл аздай, көктемде еріген қар суы жертөлеге ағады. Ал қоғам белсенділері жергілікті әкімдіктен бастап, біраз органның құрылысты уақытылы қадағаламағанын айтады. Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР: Казталов ауданындағы мектептің құрылысы тоқтап тұрғанын біз жақында ғана көтерген болатынбыз. Содан кейін ғана аудандық қоғамдық кеңесте бірден талқылап, бұл проблеманы осыған дейін үш жыл бойына ешкім көрмегендей әсер қалдырып жатыр. Ең бастысы - бұл жерде балалардың конституциялық құқықтары бұзылуда. Олар қандай жағдайда оқып жатыр, қалай оқып жатыр, білімнің сапасы қандай? Жаңа мектепті салуға бастапқыда 2 миллиард теңге бөлінген. Кейін баға қымбаттағасын, жоба түзетіліп, тағы 668 млн теңге қосылған. Бірақ кәсіпкер бұл ақшаға құрылыс материалдарын тасу шығыны қосылмай, зиян шектім дейді. Татьяна КОРШЕВА, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: Бізге пандемия біраз кесірін тигізді, қаржы да уақытылы аударылмады. Іле-шала құрылыс материалдары қымбаттады. Материалды тасудың өзіне 273 миллион теңге жұмсадық. Енді құрылыс басқармасын сотқа беріп, шығынымызды өндіріп алмақпыз. Сотта жеңсек, мектепті салып бітіреміз. Қазір тек ішкі жұмыстары қалды. Тасымал шығыны тәптіштелмегенін шенеуніктер де мойындайды. Бірақ құрылысты уақытылы салып бітіруді міндеттеп, мердігерд сотқа беріпті. Нұркен МОЛДАШЕВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кірпіштен қаланатын немесе монолит құйып тастайтын мектеп емес. Ол мектепті жинайды осылай: колоннасын қояды, ортасына ригелін қояды, колоннасын қояды, плитасын жабады. Тағы да колоннасын қояды 1, 2-қабаттың. Солай-солай жинайтын мектеп болғаннан кейін, оның бәрін тасымалдау керек ана жаққа. Сметада ол жұмыстар салынбаған. Енді кезінде келісімшарт жасалғанда да ол көрді сол тасымалдау шығындарының жоқ екенін. Бір-бірін сотқа берген екі тарап жеңіске жетсек, құрылысты алдағы жазда аяқтаймыз дейді. Бірақ оқушылардың өзін сарсаңға салған бұл соттың қашан бітері белгісіз. Е. Карин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды
Германияда ер адам тікелей эфирде адамдарға пышақ ала жүгірді
Астанада жас жігіт дүкеннен 17 жұп аяқ киімді оп-оңай ұрлап кеткен
Сүт безі қатерлі ісігінің қаупін арттыратын факторлар
Бір жылда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,6% төмендеген
Жезқазғанда 90 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Алматы зообағында биыл 70 жануар дүниеге келген
СҚО-да өрт шығып, жалын қосалқы ғимаратқа тарады
ШҚО-да көлік жүргізушісі жеке тұрғын үйдің қоршауын соғып, оқиға орнынан қашып кетті
Экология вице-министрі Балқашты не ластап жатқанын айтты
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 0,6%-ға төмендеген
Экология вице-министрі Балқашты не ластап жатқанын айтты
Астанада 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазақ тілі қашан жасанды интеллектіге бейімделеді?
Қазақстандықтар Түркияға ақша жіберуді азайта бастады
Қызылорда облысында екі адам суға батып кетті
2 маусымда ауа райы қандай болады?
2 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Ер адам үйленгеннен кейін ғана қалыңдығының жігіт екенін білген
Алматы зообағында биыл 70 жануар дүниеге келген
Ұлттық ұлан жауынгерлері 6 мыңға жуық адамды эвакуациялады
Балауса Мұздыман үндістандық қарсыласын небәрі 40 секундта нокаутпен жеңді