Мереке және демалыс күндері еңбек ететін жұмысшының келісімін алу керек

Енді мереке және демалыс күндері еңбек ететін жұмысшының келісімін алу міндетті. Еңбек Кодексіне осындай өзгеріс енгізілді. Әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар көлемі де өседі. Сенат отырысында тағы қандай мәселелер көтерілгенін әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерді министр Тамара Дүйсенова жіпке тізіп берді. Мәселен, жұмыс беруші мейрам күндері немесе жұмыстан кейінгі уақытта қызметкерді шақырса, хабарлама беруі керек. Одан соң жұмыскердің өзі шешім қабылдайды. Бірақ бұл Төтенше жағдайға, жедел жәрдемге қатысты нәрсе емес. Еңбек кодексімен қабылданғандықтан бұл ереже барлық компанияға жүреді. Себебі еңбек шартында жұмысшы қанша сағат жұмыс істейтіні көрсетіледі. Тамара Дүйсенова, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: "Еңбек шарты бар, онда жұмыс уақыты көрсетілген. Бұл норма Еңбек кодексінде болады. Әр адам өз кәсіпорны қандай жағдайда екенін біледі, соған қарай бас тарта алады немесе келісе алады. Сондықтан біз қызметкердің құқығын өзіне қалдырамыз". Сонымен қатар қабылданған құжат бойынша әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар сомасы ұлғаяды. Мұнымен қоса, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында өзіне немесе жұбайына, жақын туыстарын емдетуге зейнетақы жинақтарын алу құқығы берілмек. Кодекс тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерді де назардан қалдырмады. Ондай ерлі-зайыптыларға татуласу құқығы енді берілмейді. Ал құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жаза күшейтіледі. Ләззат ҚАЛТАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Әлеуметтік кодексті іске асырудан көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалу дәрежесін арттыру, сондай-ақ олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау ескерілген. Сенат республикалық бюджетке де өзгерістер енгізді. Өңірлерді дамытуға қазынадан 7 триллион теңге бөлінбек. Қаржы ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік саланың жекелеген тармақтарын жетілдіруге бағытталады. Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: Қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталады. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 800 млрд теңге қосымша трансферт бөлу жоспарлануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада есірткі притоны анықталды
Жамбыл облысында 10-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бортсерігі Хокуме Алиева туралы не белгілі?
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды
“Қуығына зақым келген“. Полицейлерден қорлық көрген шопан әділдік іздейді
«Әке, жүрегімде мәңгі қаласың»: қайтыс болған ұшқыштың қызы
Қазақстанда жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау Конституцияға сәйкес деп танылды