Мереке қарсаңында аналарға құрмет көрсетілді

Мереке қарсаңында қызылордалық аналарға құрмет көрсетілді. Олар- көпбалалылар мен түрлі салада жетістікке жетіп, жұмыстарын абыроймен атқарып жүрген қыз-келіншектер. Облыс әкімі нәзік жандыларды құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.Бибайша Шыныбекова 2 жылдан бері «Қызылорда тазалығы» мекемесінде жұмыс істейді. Қаланың орталық көшесін таңнан кешке дейін тазалап шығады. Күннің ыстық-суығына қарамастан тыным таппайтын ол жұмысына адал. Сол еңбегі еленіп мереке қарсаңында құрмет төрінен көрінді. Бибайша ШЫНЫБЕКОВА, «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ: Ерекшесыйлықтың иесі боламын деп ойлаған жоқпын. Облыс әкімінің қолынан құрмет грамотасын алып жатқаныма қуанышым шексіз. Біздің еңбегімізді елеп жатқанынамың алғыс айтамын. Жылдағы дәстүр бойынша қыз-келіншектерді облыс әкімі құттықтады. Отбасылық құндылықтарды насихаттап жүрген бірқатар анаға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Әйелдердің ғылым, кәсіпкерліксекілді түрлі саладағы жаңашыл идеяларына және көпбалалы аналарға ерекше қолдау көрсетілетінін айтты. Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Сіздер Тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлес қосып, әрқашан ибалық пен ізеттілік,парасат пен қайырымның, мейірімділік пен ізгіліктің ұйытқысы болып келесіздер. Бүгінгікүні билік пен мемлекеттік қызметте республикалық деңгейлерде басқарушы орындарда әйелдерүлесінің артуы Сіздердің қарымды қабілеттеріңіз бен іскерліктеріңіздің дәлелі. Аймақта 48мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 17 мыңға жуығы - «Алтын» және «Күміс алқа»иелері. Педагогтар мен медицина қызметкерлерінің де басым бөлігі нәзікжандылар. Ал бюджеттік саладағы олардың үлесі 62 процент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірқатар салада артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау туралы заңға қол қойылды
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды