Маңғыстау облысы педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу жөніндегі конкурс жеңімпаздарына "Білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі және 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.Конкурсқа 12 номинация бойынша 134 құжат келіп түскен. Комиссия шешімімен 12 бағыт бойынша жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар, салалық кәсіподақ атынан 12 педагогқа көтермелеу сыйлығы - шипажайға жолдама табысталады.Жеңімпаздар мұғалімдер күніне орай өтетін салтанатты шарада марапатталады.