Жұлдызнамашылар әйеліне сатқындық жасайтын жұлдыз белгілері туралы айтты. Сарапшылар бұл болжамның тек ер адамға қатысты екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unian порталына сілтеме жасап хабарлайды.Мерген Жұлдыз белгілерінің арасында ең көп опасыздық жасайтын – мергендер. Мергендердің еркіндікті жаны сүйеді. Ал неке олар үшін қолға салынған кісен секілді. Сол себепті мерген-еркектер бұл тізімде көш бастап тұр. Суқұйғыш Суқұйғыштардың да мергендер секілді ақ некеге адал болуы қиын. Олар түнде сауық-сайран құрып, жаңа адамдармен танысқанды, саяхаттағанды жақсы көреді. Сондықтан аталмыш жұлдыз белгілері опасыздық жасаудан екінші орында. Шаян Өзінің сабырлығымен және байсалдылығымен ерекшеленетін шаян-еркектерге сену болмайды. “Үндемегеннен үйде бәле шығады” дегендей, алғашында олар адал болып көрінеді. Бірақ уақыт өте әйелінің көзіне шөп салуы әбден мүмкін. Тоқты Тоқтылар идеалға ұмтылатын жандар. Сол себепті олар жүрегінің жартысын ұзақ іздеп, таңдау жасау үшін көп уақытын жоғалтады. Арыстан Жұлдыз белгілерінің ішінде арыстан-еркектер адалдығымен ерекшеленеді. Дегенмен, олардың кейбіреуі әйеліне опасыздық жасауға бейім келеді. Балықтар Балық-еркектер көзге тіке қарап тұрып өтірік айтудан тайсалмайтын жандар. Олар көбіне әйелдерін өзімен ұжымдық отырыстарға ертіп бармайды. Балық-еркектердің көп жағдайда жұмыстан кеш қайтуы да бекер емес. Сондықтан жұлдызнамашылар аталмыш жұлдыз белгісінің жұбайларына күйеуінің сөзі мен іс-әрекетіне аса сақ болу керегін ескертеді.