Мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды

Бүгіннен бастап мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты.«Бүгінен бастап жергілікті атқарушы органдардың 195-ші әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 12 шілдеге дейін Қарулы күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер-азамат толықтырады. Соның ішінде Қарулы күштерді 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланды 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметін 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігін 3 мыңнан астам, Мемлекеттік күзет қызметін 80-нен астам адам толықтырады», - деді Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оның атап өтуінше, мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіледі. «Әскерге шақырылуға тиісті ер-азаматтарды хабардар ету дербес шақыру қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізіледі. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап әскерге шақырушыларды СМС-хабарлама жолдау арқылы хабардар ету жүргізілуде», - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Шаттыққа толы шыршатой
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп