Астанада «Меценат» әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті. Автор романда басты кейіпкердің жан дүниесін ашу арқылы адамның өзін өзі тануы мен мына жалған дүниенің барлық құпияларын зерттеудің қан¬шалықты маңызды екенін көрсеткен. Адамзаттың алдында тұрған мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді. Осыдан 37 жыл бұрын шетелге көшіп кеткен қазақтың өмірі шығармаға арқау болған. Ол қанша ел көріп, белді қызмет атқарса да, кемелденген шағында туған жерін аңсайды. Туындыны жарыққа шығару үшін бір жылдай уақыт кеткен. Ұлт әде¬бие¬тіне өзіндік жаңалығымен енген шығар¬маның таныстырылымына зия¬лы қауым өкілдері қатысты. Шархан ҚАЗЫҒҰЛ, ЖАЗУШЫ, ПУБЛИЦИСТ, «МЕЦЕНАТ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ЖЕҢІМПАЗЫ: Осы өмірден көрген түйгенім бар. Соны бір кесек көркем шығарма арқылы жазғанды жөн көрдім. Сондықтан да бұл романға мен ерекше ат ойлап тапқым келді. Сол бір күні отырсам романды жазу барысында шамалы тынығып алайын деп сөздікті ақтарып отырсам, мына "күлпет" деген сөз тұр. "Күлпет" деген сөздің мағынасы жан азабы дегенді білдіреді. Мысалы романның атын "Жан азабы" деп қойсаң қызық емес, мысалы, интрига жоқ. Сондықтан да "Күлпет" деп қойдым.