Танымал әнші Серік Ибрагимов тұңғышы Хамзаның сүндет тойын өткізді. Эстрада жұлдызының әріптестері әннен шашу шашып, Алматыдағы ең қымбат мейрамханаға жиналды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің ұлына арналған сүндет тойы 17.00-де басталып, таңға дейін жалғасты. “Аллаға шүкір! Басқа тойды тойламасаң тойлама, қазағымның сүндет тойы тойлансын! Бір міндеттен құтылдық! Алыс жақыннан келген ағайын-туысқа, дос-жаранға алғыс білдіреміз! Осындай айтулы сәтте бізбен алтын уақыттарыңызды өткізгендеріңізге мың рақмет! Тілектес жандар аман болыңыздар! Қымбатты оқырмандар, жақсы сөз – жарым ырыс деген, әдемі тілектеріңізді жаза кетіңіз! Баршаңызға жұғысты болсын”, – деп жазды әнші. Өнер иесінің достары тойға қанша шашу әкелгенін айтып, мейрамхананың безендіруіне таңдай қақты. Желіде “Елдос Колобок” лақап атымен танылған блогер Елдос Кәдірханов достарымен аз-маз сұхбаттасты. “Нұрболхан Шарапов 500 мың теңге әкеліпті. Арман Жаналиев 200 мың теңге, Қанай 30 миллион шашу шаштым дейді. Менің анам 1 миллион теңге берейік деп отыр. Серік маған қарыз еді. 645 мың беруі керек еді, бірақ соны тойына шашу еттім. Мейрамхананың безендірілуі күшті екен. Нұрболхан мен Арман 2 миллион теңге ақша кетті деп отыр”, – деп күлді блогер.