Мейрамханалар мен кафелер тұтынушыларды қалай алдайды?

Мейрамханалар мен кафелер жұртты алдайды. Алайда олардың өздері де мұны білмеуі мүмкін. Мысалы, караоке, түнгі клуб, мейрамханаға бара қалсаңыз, көбісі "бізде депозиттік жүйе" дейді. Ол аздай көрсеткен қызметі үшін 10-15 процент тағы алады. Бұл қаншалықты заңды? Ақбота Базарбай анықтап көрді.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Мейман күтуде өзара бәсекелестігі артып келе жатқан мейрамханалар, бұл күндері тұтынушыға жаңа талаптар қоюда. Ресторан не болмаса кафеге кіре қалсаңыз сізді депозиттік жүйе күтіп тұрады. Тамақтану орындары өздеріне осындай ноу хау енгізіп алған. Депозиттік жүйе -бұл мейрамханаға ішіп жейтініңіздің ақшасын алдын ала төлеу. Бағаны ресторан иесі өзі бекітеді. Төлеп қойған қаражатыңызды толық жұмсамасаңыз, қаражатыңыз кері қайтарылмайды. Жанар ЕРЖАНОВА, ЗАҢГЕР: Төлемнің депозиттік әдісі - ол заңсыз. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде және ассортиментте тауарларды сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Сондай-ақ ұсынылған қызмет үшін сіз шоттағы соманың 10 процентін төлейсіз. Алтынбек ЕЛІКҰЛЫ, РЕСТОРАТОР: Официант өзінің тапсырысы арқылы, өзінің жасаған еңбегі арқылы өзінің табысын өсіру мақсатында қойылатын 10пайыз. 10 пайыздың ішінде ол официантқа берілетін еңбекақы ғана емес, ол атмосфера, интерьер, диван деген сияқтының барлығы кіреді. Мұндай қызмет ақы бізде бұрыннан қалыптасқан. Сондықтан көп жерде мейрамхана иелері де қосымша ақша төлеу керектігін ешкімге ескертпейді. Ал тұрғындар сол орынның қызметі көңілінен шықпаса да, оны үн-түнсіз төлеуге үйреніп қалған. БЛИЦ: - Төлеп жүрміз. Комиссияның ішіне кіретін болғандықтан төлеп жүрміз. Счет келген кезде бірақ көріп отырасың, баға ойлағаныңнан көп шығып кетеді. - Почти барлық заведение төлеткізеді. - Ол енді официанттардың өзінің еңбегі ғой. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: -Сәлеметсіз бе? -Сәлеметсіз бе? -Не тапсырыс бересіз? Сізді ескерте салайын бізде қызмет құны 10 пайыз. -Егер сізді дәл осылай алдын ала ескертсе, немесе менюде жазылып тұрса, қызмет құнын төлеуге міндеттісіз. Ал ескертпеген жағдайда төлеуден бас тартып кетуіңізге, әбден, болады. Әлия ИЛЬКЕНОВА, ЗАҢГЕР: Мекеме әкімшілігі қызмет көрсету үшін пайыз аламын десе олар ол туралы тұтынушыны алдын ала хабарлауы тиіс. Егер бұл жағдайға заң жүзінде қарайтын болсақ, бұл заңға қайшы болып табылады. Қаладағы демалыс орындарының 70 пайызы осы жүйемен жұмыс істейді. Депозит жалпақ жұрттың қалтасын жұқартып, қызмет үшін алынатын 10 процент ресторатордың қазынасын, керісінше, қампайтуда. Тұтынушыға осындай қосымша ақшаны міндеттеп төлету туралы заң да, ереже де жоқ. Сондықтан, егер дәмханалардағы қызмет сапасы тұтынушының көңілінен шықпаса, төлеген қосымша ақысын сот арқылы өндіруге болады. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Теннис: Қазақстан құрамасы «C» тобында
Абай облысында жиһаз цехы өртенді
Ұшақта кішкентай қызға тиіскен ер адам жазаланды
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді