Елімізге белгі вайнер Мейіржан Төребаев түзеті мекемесінде қысқа мерзімді демалыс алып, отбасымен қауышты. Бұл туралы сотталушының жары Дана Есеева мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Дана Есееваның сөзінше, Мейіржан Төребаевтың заң бойынша қысқа мерзімді демалысы бар. (113-бап мекемеден тыс жерлерге шығу). Вайнер сол мүмкіндігін пайдаланған.«Балалардың бақыттан басы айналып жатыр. Кішілері соңғы кездесуден кейін бірақ тілдері шығып, әкелеріне көптеген сұрақтар қойып жатыр. Үлкендері саналы, әкелерінің жанында сабырлы болып отыр. Жақын арада оның Павлодарға қайта кететінін түсініп, барынша құшақтап жатыр. Онда Мейіржан күндіз Еңбек РМК-да жұмыс істейді, ал кешке мекемеге оралады. Ең бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды. Аз уақытқа болса да, ұлы қасында», - деп бөлісті Дана Есеева.Еске сала кетейік, белгілі Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.