Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе "Уиком Уондерерс" (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, - деп жазды zakon.kz.Оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады. "Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру менің жеке үлкен арманым еді, онда ең үздік әрі талантты жас футболшылар мен болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Академияда оқу толығымен тегін болады, жас спортшылар еліміздегі және футболдың отаны – Англиядағы ең үздік жаттықтырушылардан оқып-үйренуге мүмкіндік алады", - деді Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі.Ломтадзенің пікірінше, футбол – бұл спорттық шеберлікті шыңдауға зор әлеуеті бар бұқаралық ойын-сауық спорт түрі және көптеген елдерде зор мақтаныш көзі."Біздің футболды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, инновациялық бизнес құрудағы менің тәжірибемді пайдаланып, жаңа деңгейге көтеруге болатынына сенімдімін. Біз қазақстандық футбол үшін әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды тәрбиелей аламыз деп үміттенемін", - деді Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі.Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы – футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін үлкен футболға жол ашатын орын болмақ, - деп пікір білдірді Михаил Ломтадзе. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жылап отырмын»: Танымал блогер 20 млн-ға алданып қалған
АҚШ-та алапат құйыннан жеті адам қайтыс болды
Ауыр атлетикадан екі бірдей қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды
Жазға кеңес: аптап ыстықта қандай сусын адамды сергітеді?
Бетке арналған уколдардың қаупі: мұндай процедураларды жасатпас бұрын не білу керек?
Ақмола облысында мектеп өртенді
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола облысында мектептен өрт шықты
"Шаңырақты шайқалтады". Психолог неліктен шағын пәтерде тұруға болмайтынын айтты
Жаңбыр, қар, бұршақ: 27 мамырға арналған ауа райы болжамы
АҚШ-та алапат құйыннан жеті адам қайтыс болды
Бүгін екі қалада ауа сапасы ластанады
5 облыста үсік жүреді: 27 мамырға арналған ауа райы болжамы
Дәрігер терінің қартаюын жылдамдататын өнімдерді атады
Шымкентте жоғалған 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
Ереванда мыңдаған адам митингке шықты
Қар аралас жаңбыр: қолайсыз ауа райында тауға шыққан жасөспірімдер адасып кеткен
Бишімбаевтың ісін қараған прокурор зорлыққа қатысты тағы бір деректі жариялады
Тауда жарақат алған жасөспірім құтқарылды
Қостанай облысында арнайы техникасы бар қойма өртенді
Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді
Грузияда нөсер жауын салдарынан үйлер су астында қалды
"Мектептегі таяқ". Қыздардың ер баланы ұрған әрекеті видеоға түсіп қалған
Маңғыстауда түлектердің ата-аналары соңғы қоңырауды тойлауға үйді жасырын жалға алған