Швецияның "Норрчёпинг" клубында жалда ойнап жүрген "Милан" командасының шабуылшысы Эмиль Робак аман-есен табылды, - деп хабарлайды massaget.kz. 20 жастағы футболшы екі апта бойы байланысқа шықпай, отбасы мен команда мүшелерін алаңдатқан-ды. 14 күннен кейін футболшы аман табылып, таныстарымен байланысқа шыққан. Мен онымен кездестім, бәрі бақылауда. Бұл жағдайға қатысты басқа ешқандай пікір білдіре алмаймыз, - деді "Норчеппинг" командасының спорттық директоры Тони Мартинсон. Эмиль Робак 2020 жылдан бастап "Милан" командасымен келісімшарттағы футболшы. Ал швед клубында осы жылдың қараша айына дейін жалда ойнауға келген.